ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 7 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

06.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ең үлкен «Қызыләскер» электр станциясы ашылды. Бұл стратегиялық нысанның іске қосылуы ұзақ жылдарға созылып, жүзеге асып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көпшілікті тарихи сәтпен құттықтады.
– Алдымен баршаңызды өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде энергетика қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмысты күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа электр станцияларын салу жөнінде тапсырма берілген. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Облыста энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Осы бағытта Түркістан облысында жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі – іске қосылғалы тұрған 220 киловольттық «Қызыләскер» қосалқы станциясы. Бұған дейін облыстың оңтүстік бөлігінде осындай қуаттағы қосалқы станцияның болмауына байланысты электр қуаты нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін әрі бағасы қымбат еді. Сондықтан берілетін электр қуатының сапасына кері әсерін тигізіп, электр желілеріндегі шығынын көбейтетін. Енді бұл мәселе шешіліп, 5 ауданның 800 мыңға жуық тұрғыны сапалы қуат көзімен қамтылатын болды. «Қызыләскер» қосалқы станциясын іске қосып, алдағы жылдың қаңтар айында осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық 91 шақырым электр желісін іске қосамыз. Баршаңызды жаңа станцияның ашылуымен құттықтаймын. Өңіріміздің әлеуеті арта берсін! – деді облыс әкімі
Аталған электр станциясы арқылы 5 оңтүстік ауданның мәселесі шешіледі. Атап айтқанда: Келес, Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарының 800 мыңға жуық халқын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. «Электромонтаж АК» кәсіпорны Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жаңа дауір елді мекенінде орналасқан.
«Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысына 7,2 млрд. теңге қаралып, жоспар жүзеге асып отыр. Сонымен бірге осы станциядан қуаты 110 кВт болатын 91 шақырым электр желісін салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған. Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудегі іс-шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту көзделген. 4 дана автотрансформатор орнатылған және Сарыағаш ауданында орналасқан «Жылға» қосалқы станциясынан «Қызыләскер» қосалқы станциясына дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады.
Өңір басшысы Келес ауданындағы іссапар барысында Бірлік ауылдық округінде орналасқан «ТМ-строй21» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты. Мұнда пресс жіп пен құрылысқа қажетті темір тор өндіреді. Сонымен қатар мал бордақылаумен айналысады. Кәсіпорын 34 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы аудан әкіміне ауылдарда осындай кәсіпорындарды ашуға қолдау көрсету, инвесторлар тарту жөнінде тапсырма берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДА ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЭКЗОТИКАЛЫҚ ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙЛАР АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.