ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ — Төрттаған
Вторник, 4 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

05.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ДА ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан облысында білім және медицина саласы бойынша нысандар соғуға инвесторлар тарту жұмыстары күшейтілді. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндіріліп, тиісті келіссөздер тұрақты жүруде. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында кеңінен талқыланды. Жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
– Білім саласына инвестрлар тартқан жөн. Бірақ кәсіпкерлер, инвесторлар мектептерді мектеп тапшылығы бар аймақтарда салуы тиіс. Мәселен, «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынатын білім ұяларының маңына жекеменшік мектептерді салудың мәні жоқ. Егер білім ұясы жеткілікті аймаққа салынса, ол мектепке оқушы табу қиынға соғады. Жауапты басқарма, аудан әкімдері осы мәселені терең зерделеп, бірлесе жұмыс атқарыңыздар. Әрбір құрылысты бақылау, қадағалау керек. Мектеп тапшылығы бар аймақтарды ұсыныңыздар. Денсаулық сақтау саласында да нысандар салуға инвестор тартуды қолдаймыз. Бірақ салынатын медициналық нысандар бір типті және бағасы көңілге қонымды болуы тиіс. Тым қыбат құрылысты жоспарлау қажет емес, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, 2023 жылы жалпы жобалық қуаттылығы 6230 оқушыны қамтитын 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілген. Облыста 33 мектептің құрылысы жүргізілуде, қазіргі таңда 7-еуі тапсырылды. «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары облыста 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2024-2026 жылдары облыста 6512 оқушы орын тапшылығын жою, апат алдындағы сонымен бірге үш ауысымды мектептердің және ғимараты ыңғайластырылған мектептердің мәселесін шешу үшін 13 аудан, қалада 23 мектеп салу керек. Осыған байланысты облыс әкімінің мектеп тапшылығын жою, қосымша құрылыстарды жүргізуде және 300 орынға дейінгі мектептердің құрылысын салуда жекеменшік секторды тарту туралы тапсырмасына сәйкес жұмыстар ақарылған.
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, жергілікті кәсіпкерлердің және тиісті басқармалардың қатысуымен арнайы жиын өткізілді. Жиында бизнес өкілдеріне құрылыс салу үшін қажетті жер телімдерін алудың заңды тетіктері, коммуналдық инфрақұрылымдарды тарту мәселелері мен жекеменшік мектептерге мемлекет тарапынан әр бала үшін төленетін қаржы көлемдері түсіндірілді. Қазіргі таңда 4 кәсіпкер Арыс қаласы мен Бәйдібек, Келес, Сарыағаш аудандарында мектеп салуға ұсыныс білдірген.
Жиында денсаулық сақтау саласына инвесторлар тарту мәселесі де қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің осы бағыттағы есебі тыңдалды. Өңірде 73 медициналық нысанның жобаларын іске асыру мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Аталған 73 нысанды жеке кәсіпкер тарту арқылы жүзеге асыру көзделген. Өңірде денсаулық сақтау нысандарын салуға да инвесторлар тарту жұмысы күшейіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ИУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛПАУЫТ КӘСІПОРЫНДАРДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
368
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.