ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 241 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР — Төрттаған
Среда, 16 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 241 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

05.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 241 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан өңірінде Облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын 241 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. 2023 жылы соның 110 нысанын тапсыру жоспарланып, 77 нысан пайдалануға берілді. Қалған 33-і жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады деп көзделіп отыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды облыстағы нысандардың құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды.
– Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, жалпы ғимараттардың құрылысын көктем, жаз мезгілдерінде аяқтау керек. Дайын ғимаратты толық әрлеп, сәндеп тапсыру үшін біраз уақыт кетеді. Құрылысты қыс мезгіліне қалдыруды доғару керек. Қаржысы бөлінді ме, жұмыс кестеге сай жүргізілсін. Ғимараттардың сапасына да сын айтылып жатады. Қатаң қадағалап, талапқа сай нысандарды ғана қабылдау қажет , – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев осы саладағы жұмыстар мен өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтуынша, әкімшілік ғимараттар бойынша Түркістан облысында өткен жылы 5 нысанды тапсыру жоспарланған. Бүгінде 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 3 нысан жуырда тапсырылады. Кейбір мердігерге айыппұл салынып, жұмысшы санын көбейту туралы нұсқау берілген.
2023 жылы тұрғын үй саласы бойынша Түркістан қаласында 3341 пәтерлі 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы ауданы 198,9 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 50 үй қабылданып, қалған 5 үй желтоқсан айының соңына дейін тапсырылады. Инженерлік инфрақұрылым бойынша кәрізбен және газбен жабдықтау, газбен қамту, ауланың құрылысы секілді 13 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда 6 нысан пайдалануға тапсырылып, қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады. 14 нысанның 11-і пайдалануға тапсырылды, қалған 3 нысан жоспарға сәйкес осы айдың соңына дейін аяқталады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша Сауран ауданы Ораңғай ауылындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 200 орындық оңалту орталығының құрылысы да беріледі. Бүгінгі таңға ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстарын аяқтау, құрал-жабдықтарды дайындау және асфальт төселуде. Нысанда 70-80 жұмысшы жұмылдырылған. Мерзімінде тапсыру үшін күнделікті бекітілген тапсырысшы, техникалық және авторлық қадағалаушы мамандары басында жұмыстарды ұйымдастыруда. Қолмен басқару процесі арқылы жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар өткен жылы 21 білім беру нысанын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 7 мектеп пайдалануға тапсырылған. Қалған 14 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде, таяуда тапсырылатын болады.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласындағы жыл соңына дейін тапсырылатын нысандар бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша облыстағы 832 елді мекеннің 719-ы ауыз сумен қамтылған. Қалған 113 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жоспарлы түрде іске асады. Бүгінгі таңда 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына өткен жылғы 6-7 желтоқсан күндері аралығында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен 5 нысанның мерзімінде пайдалануға тапсырылмау қаупі бар екендігі анықталды. Мердігерлер мен жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілген. Облыстағы 833 елді мекеннің 465-і газбен толық қамтылса, қалған елді мекендерге алдағы уақытта газдандыру жұмысы жүргізіледі. Жақында ғана өңірдің бірнеше елді мекені газға қосылған болатын.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ СПАТАЕВ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ИУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛПАУЫТ КӘСІПОРЫНДАРДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.