ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ МЕН 8 АУДАН, ҚАЛАҒА 29 ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ МЕН 8 АУДАН, ҚАЛАҒА 29 ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ

05.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІ МЕН 8 АУДАН, ҚАЛАҒА 29 ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы салаларын арнайы техникамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Түркістан қаласында «Тұран су» мекемесі мен аудан, қала әкімдіктеріне арнайы техникалар тапсырылды.
Арнайы іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Ермек Кенжеханұлы, «Eurasian Machinery» компаниясы басқарма басшысының орынбасарлары Анвар Каримов, Урун Озген және облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары су саласына жауапты мекеме жетекшілері қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арналған Жолдауында су тапшылығы мәселесіне ерекше тоқталды. Осы орайда, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен «Тұран су» мекемесіне қолдау көрсетілуде. Су нысандарын қалпына келтіру, шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету, су басу жағдайларының алдын алу мақсатында аталған мекеме техникалық жарақтандырылды. Нәтижесінде жұмыстарды мерзімінде атқаруға қол жеткіздік. Тәжірибе көрсеткендей, бұл мемлекеттік кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігі басқа жеке ұйымдарға қарағанда 1,5 — 2 есе жоғары болып отыр. Үнемделген қаржы есебінен былтыр 17 арнайы техника сатып алынып, коммуналдық меншіктегі 680 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Міне, бүгін «Тұран су» мекемесіне – 15, аудан, қалаларға 14 арнайы техника тапсырылып жатыр. Бұл ретте қолайлы келісім жасаған «Eurasian Machinery» компаниясы басқарма басшылығына алғысымды айтамын. Енді аудан, қалалардағы су саласына жауапты мекемелер осы техникаларды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Ермек Кенжеханұлы.
«Тұран су» мекемесіне 1,3 млрд. теңгеге 15 дана «HITACHI» экскаваторы тапсырылса, аудан, қала әкімдіктеріне құны 756,4 млн. теңге құрайтын 14 дана арнайы техника табысталды. Атап айтқанда, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Сауран, Сайрам, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Арыс қаласына техникалар берілді.
Өңірде 2024 — 2025 жылдары 938 шақырым каналға механикалық тазалау жұмыстары атқарылады деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласында судың 40 пайызы босқа ысырап болып жатқандығын атып өтіп, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырды. Осы ретте ҚР АШМ-не су үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия көлемін 50%-дан 80%-ға ұлғайту жөнінде ұсыныс берілген. Жалпы су үнемдеу технологияларын 2028 жылға қарай 100 мың гектар алқапқа енгізу межеленген. Өңірде суармалы алқаптарды ағын сумен қамту, каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстары жалғасады.
Іс-шара барысында өңірде ауыл шаурашылығын дамыту мәселесі бойынша жиын өтті. Жауапты басқарма басшысының баяндамасы тыңдалды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ӨЗ ЦЕХЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІНЕ 565 МЛН. ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.