ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНҒАН ЖӨН — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНҒАН ЖӨН

05.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНҒАН ЖӨН

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сарыағашта кәсіпкерлікті, туризмді және ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Ол үшін жергілікті басшылардың сергектігі, басқарма басшыларының қайраткерлігі қажет. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданын дамыту жөніндегі актив отырысында жауаптыларға маңызды міндеттер жүктеді. Немқұрайлылыққа салынбай, жұмысты сапалы, жылдам атқаруды тапсырды. Шекаралас аймақтағы ауданның әлеуеті бұдан да мықты болу керек екенін жеткізді.
– 2023 жылғы алғашқы жартыжылдықта ауданға келіп, өздеріңізбен жүздескен болатынбыз. Сол кезде Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барысымен танысып, аудандағы кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілген еді. Бүгін осы атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін қайта жиналып отырмыз. Өткен жылғы10 айдың қорытындысымен аудан бойынша бірқатар көрсеткіш орындалмаған. Жыл соңына дейін барлық жоспарланған көрсеткіштерді орындаңыздар. Өнеркәсіп саласында жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы, жылыжайларды дамыту жұмыстарын ширатыңыздар. Жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары күшейтілсін. Сарыағаш – туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Мұндағы шипажайлар, минералды су бүкіл Қазақстанға әйгілі. Туризм саласы – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, Денсаулық сақтау, Мәдениет және туризм басқармаларымен бірлесе отырып, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Осы мәселені жеке бақылауыңызға алып, қысқа мерзімде оң шешім шығарыңыз, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкіміне нақты тапсырмалар берді.
Мәжілісте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов аудандағы жұмыстарды зерделеу нәтижесі бойынша ой қозғады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылғы 11 айдың қорытындысымен 25 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 8 пайызға төмен орындалған. Жыл соңына дейін молайту тапсырылды. Туризм саласына инвестиция тарту жұмыстарын да ширату керек. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 119 млрд. теңге болды. Мәжілісте облыс әкімі ауданның әлеуеті мен мүмкіндігі бұдан да жоғары екенін айта келе, барлық салада жұмысты жандандыруды тапсырды. Көшелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру, абаттандыру мәселелері де көтеріліп, ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесулерден бөлек, әр жартыжылдық сайын аудан, қалаларға барып, мәжіліс өткізіп келеді. Нысандарды аралап, тұрғындарды қабылдауда. Бұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда. Осы іссапарлар, қабылдаулар нәтижесінде шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселелері шешімін табуда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ САРЫАҒАШТА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.