ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ — Төрттаған
Понедельник, 10 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

08.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

Түркістан облысында 2023 жылы 14 мәдениет нысанды пайдалануға беру жоспарланған болатын. Соның ішінде Бәйдібек ауданында 1 кітапхана мен Арыс қаласы мен Сарыағаш, Түлкібас, Келес, Төлеби аудандарында 7 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, Сайрам және Қазығұрт ауданында ашылып отыр. Ал Мақтаарал және Қазығұрт, Шардара аудандарында 4 мәдениет үйі жыл соңына дейін ашылатын болады.
Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Заманауи талаптарға сай бой көтерген екі қабатты мәдениет үйі ғимараты ел игілігіне берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, ақбұлақтықтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.
Аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше жылдан бері көтеріліп келген болатын. Нәтижесінде бұл аудан басшылары тарапынан назарға алынып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарлама аясында былтыр қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме – «Шаңырақ-ХХІ» ЖШС тарапынан жүргізілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы 31 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде 10 мәдениет үйі бар. Ал Ақбұлақ ауылындағы бұл ғимарат 11-ші болып іске қосылып отыр. Мұнда кітапхана да қамтылған. Алдағы уақытта ғимаратта мәдениет пен спорт үйірмелері ауыл халқының игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, жастармен қатар қарияларымыздың да бос уақытын тиімді пайдалану үшін мүмкіндік болады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ЖУСАНСАЙ» ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯЛАРЫНА ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ СТЕНТТЕУ ОТАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

07.08.2026
8
Жаңалықтар

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

07.08.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

07.08.2026
10
Жаңалықтар

Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ

07.08.2026
10
Жаңалықтар

БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

07.08.2026
11
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ населению с начала года, проведено в цифровом формате

07.08.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.