Ата кәсіптен алыстамадық — Төрттаған
Вторник, 3 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Ата кәсіптен алыстамадық

06.12.2023
Экономика
0
Ата кәсіптен алыстамадық

READ ALSO

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Амандасқан адамынан «мал-жаның аман ба?» деп сұрайтын қазақ үшін төрт түліктің орны қашан да ерекше. Ішер асын, киер киімін, тұрмыстық қажеттілігінің бәрін  малдың арқасында қамтамасыз етіп отырған соң, әрбір қазақ қорасының бос тұрғанын қаламайды.
Бәйдібек ауданында соңғы жылдары қой тұқымын асылдандыру ісі кең қанат жайып келеді. Тоқырау жылдары тұқымы құрып кете жаздаған ұсақ мал бүгінде іскер азаматтардың арқасында қайта көбейе бастады.
Кейіпкеріміз Аманолла Айтаханов 1992 жылдан бері асыл тұқымды қой өсірумен айналысады.
– Әкем Құрманжан 1962 жылдан күні кешеге дейін шопан болды. Ол кісі кеңшардың меринос қойын бақты. Сол кісінің қажырлы еңбегінің, берген тәрбиесінің ықпалымен шаруаға бейім болдық. Тоқырау жылдары кеңшар да, мал да қалмағаны белгілі. Бірақ біз бала кезімізден қанымызға сіңген үйреншікті кәсібімізден қол үзбедік. Әкемізден қалған ақ таяқты қолға алып, бабадан қалған ісімізді жалғастырып кеттік, – дейді Аманолла Айтаханов.
Аманолла 1992 жылдан бастап мал бағады. Алғашында күнкөрістің қамымен басталған тіршілік бірте-бірте ұлғая түскен.
– Бүгінде біз малдың санына емес, сапасына көңіл аударамыз. Қазір қисары қойларды көбейтіп жатырмыз. Алғаш рет қисары қошқарын Сайрам ауданының тұрғыны Себан Ахметов деген жігіттен алып келдім. Ол қошқарды саулыққа салғаныммен таза тұқым ала алмадым. Ол үшін қисарының қошқарымен бірге саулығы да керек екен. Сондықтан 2000 жылы 200 бас ұрғашы қозы алдым. Оған бір жарым жасар қисары қошқарын 1млн. 500 мың теңгеге сатып алып, қостым. Көп өтпей сапалы, таза қанды қисары қозыларын ала бастадым, – дейді ол.
Аманолла бұл қошқарлар 100 келіге дейін таза ет беретінін айтады.
Бүгінде ол жұмысын бірізге түсірген.
– Мал шаруашылығымен айналысатын жігіттер екі-үш жыл бұрын кезекке тұрып, көктемде жаңа туған қозыларды түгел алып кетеді. Төрт-бес айда енесінен ажырап, шілдені өткізген қозылар әрі қарай мал болып кетеді. Биыл әр қозыны 100 мың теңгеден өткіздік, – дейді ол.
Кейіпкеріміз Үкімет тарапынан берілетін көмектің ешбірін алмаған. Қыбырлаған қыр асар дегендей, өз еңбегінің, өз маңдай терінің арқасында бүгінгі жағдайына жетіп отыр.
– Біздің ең басты проблемамыз – жайылым. Айналамыз тегіс егіс болған соң, өрісіміз тар. Одан соң малшы табу қиын. Қырқын мен шөп ору науқанында адам таба алмай жатамыз. Жастарға жан қиналмай табыс жоқ, білектің күшін, маңдайдың терін аямасаң, рахатын өзің көресің дегім келеді. Қол күші болмаған соң, жем-шөпті сатып аламыз.  Жаз кезінде қойды балам екеуміз бағамыз. Қыста үш-төрт адамды жақсы жалақымен жұмысқа тартамыз, –дейді кейіпкеріміз.
Аманолла бір қыз, үш баласынан жеті немере сүйіп отыр. «Болашақта осы шаруашылықты жалғастырып кететін ұрпағым бар. Оған да мың шүкір. Қазақ бар жерде мал шаруашылығы жойылмайды» дейді ол сеніммен.
П.Сапар
Сурет: Қ.Шерім.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТАБЫЛҒАН ҚОЛА ДӘУІР ЕСКЕРТКІШТЕРІ ҚАЛАЙ ӨРНЕКТЕЛГЕН?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
3
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
7
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі
Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
4
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.