КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ АУҚАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СОЗАҚТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ІССАПАРМЕН ЖҮР — Төрттаған
Пятница, 24 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ АУҚАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СОЗАҚТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ІССАПАРМЕН ЖҮР

05.12.2023
Жаңалықтар
0
КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ АУҚАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СОЗАҚТЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ІССАПАРМЕН ЖҮР

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Бүгінде елімізде іске асып жатқан бағдарламалардың басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өтті.
Осы мақсатта, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Берілген тапсырма аясында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков бастаған делегация Қытай Халық Республикасында арнайы іссапармен жүр. Сапардың негізгі мақсаты — экономикалық даму бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, жаңа технологияларды игеру.
Делегация құрамында аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар бөлім басшылары мен аудан кәсіпкерлері бар.
Сапар аясында аудан делегациясы Хэнан провинциясындағы China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd деп аталатын қабырғаларды оқшаулауға арналған көбік шығаратын зауытқа барды. Зауыттың тарихымен және онда өндіріліп жатқан өнімнің жетістіктерімен жан-жақты танысты. Бүгінгі нарықта жылу оқшаулау үшін аса сұранысқа ие материалды дайындайтын зауыт қызметкерлерімен тілдесіп, өнім көлемі мен тиімділігін назарға алды.
Айта кеткен жөн, делегациясының іссапары 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Аудан басшысы ертеңгі жұмыс күнінде Чженчжоу қаласындағы бірқатар зауыт-фабрикаларды аралап, бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлауда. Сондай-ақ арнайы барған аудан кәсіпкерлері алдағы уақытта аудан аумағынан ашуға мүмкіндік беретін фабрикалардың құрылымымен танысып, тәжірибе алмасатын болады.
Бүгінде Чжэнчжоу халқы 10 120 000 тұрғынды құрайды. Қала Қытайдың ұлттық көлік желісінің ірі торабы болып табылады. Теміржолдар Чжэнчжоуды Еуропамен және халықаралық әуежаймен байланыстырады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАУ МІНДЕТТЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – ҚОҒАМ ҰЙЫТҚЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.