Түркістан музыкалық драма театры Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Беу, қыздар-ай» музыкалық комедиясы сахналанды. Әзілі мен әні жарасқан махаббат тақырыбындағы қойылым арқылы театр ұжымы жетісайлық көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды.
Түркістан облысының бес жылдығына орай, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірдегі танымал өнер ұжымдарын шалғай аудан, қалаларға гастрольдік сапармен жіберу туралы тапсырмасы аясында бұған дейін Сайрам және Сарыағаш ауданында театр ұжымы Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың аталған қойылымын көпшілік назарына ұсынған болатын.
Айта кетейік, дәл осы «Аруы әсем ауданға» гастрольдік сапары 11 желтоқсанда Ордабасы ауданындағы мәдениет үйінде ақысыз негізде жалғасады.