ТҮРКІСТАН: СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛГЕН ҒИМАРАТ – МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ — Төрттаған
Среда, 16 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛГЕН ҒИМАРАТ – МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ

05.12.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛГЕН ҒИМАРАТ – МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков облыс орталығының дамуы бойынша арнайы брифинг өткізді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбат аясында шаһар басшысы әлеуметтік желілерде көтерілген бірқатар нысандарға қатысты нақты түсініктеме де берді. Атап айтқанда, Әкімшілік ғимараты мен Мәдениет үйі, «Визит орталығы» мен «Қолөнершілер орталығы» және «Ясауи музейі» ғимараттары.
— Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында орналасқан Әкімшілік ғимараты мен Мәдениет үйі бұған дейін ашық электрондық сауда-саттыққа қойылған. Ғимараттар бойынша құзырлы мекемелер тарапынан заң талаптарына сәйкес толық тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ғимараттардың қызметі мақсатты ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ескі әкімдік ғимаратының қазіргі иесі білім саласына инвестиция құйып, «Болашақ» колледжі ретінде студенттерді қабылдауда. Ал, мәдениет үйінің иесі заңға сәйкес инвестиция тарта отырып, ғимаратты мақсатты қолдануын өз құзырында қалдырды. Аталған нысандарды күтіп-ұстау шығындарын қала бюджетінен өтеу мүмкіндігі болмағандықтан, ашық конкурстар арқылы меншік иелері анықталған. Түркістан қаласының теңгеріміндегі нысандар сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз беріледі, яғни мемлекет мүлкі болып табылады. Сондай-ақ, ғимараттың күтіп-сақталуы — әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болады, — деді қала әкімі.
Сонымен қатар, брифингте бұған дейін сенімгерлік басқаруға берілген «Визит орталығы», «Ясауи музейі» сынды ғимараттар бойынша толыққанды ақпарат берілді.
— Қосымша инвестиция тарту және туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Визит орталығы» ғимаратын сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы веб-порталға ашық жарияланған. Нәтижесінде «Туркестанское бюро экскурсий» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған. Алайда серіктестік келісім-шартта көзделген талаптарды орындамауы себебінен келісім-шарт бұзылып, аталған ғимарат мемлекет теңгеріміне қайтарылды. Қазіргі таңда облыстық коммуналдық меншікке өткізілген. Ал «Ясауи музейі» бойынша қазіргі таңда нысанда жабдықтау және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратта тиісті құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін заңға сәйкес қабылдау шаралары жасалады. Бұдан бөлек, кесене аумағында тамақтану орындарының тапшылығын жою мақсатында — қолөнер мектебі ғимаратында орналасқан қолөнершілер мен кәдесый сатушылар уақытша өзге ғимаратқа көшірілді. Қолөнершілер үшін «Мәдени-рухани орталық» аумағынан 2,56 га жер телімі қаралып, «Қолөнершілер орталығы» кешенінің эскиздік жобасы бекітілді. Жеке инвестор есебінен 2023 жылғы тамыз айында құрылыс жұмыстары басталды. 2024 жылдың екінші жарты жылдығында қолданысқа беру көзделген, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Сонымен қатар, шаһар басшысы Түркістан қаласындағы «Неке сарайы» ғимараты мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында «Бастама KZ» ЖШС-на сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілгендігін айтты. Сондай-ақ, «Шығыс моншасы» ғимараты ашық веб-портал арқылы 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілгендігін жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КӨЛІК МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУГЕ КЕЛГЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨҢІРДЕГІ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН ЖАҚСАРТУДЫ СҰРАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 11 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.