ТҮЛКІБАС: КЕРШЕТАСТЫҚТАР ӨНЕРЛІ АЗАМАТТАРЫНА АҚ БАТАСЫН БЕРДІ — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮЛКІБАС: КЕРШЕТАСТЫҚТАР ӨНЕРЛІ АЗАМАТТАРЫНА АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

29.11.2023
Мәдениет
0
ТҮЛКІБАС: КЕРШЕТАСТЫҚТАР ӨНЕРЛІ АЗАМАТТАРЫНА АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

«Жыр әнім сенсің, Машатым». Дәл осындай атаумен Кершетас ауылдық клубында туған жерді ұлықтау, өнерпаздардың өнерін бағалау, елге, ауылға деген сағынышты жеткізу мақсатында ауқымды концерттік іс-шара өтті. Лентасы енді ғана қиылған жап-жаңа ауылдық клубта өткен алғашқы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық мәдениет үйі қолдау білдіріп, Кершетас ауылдық клубының қызметкерлері Мұхамеджан Едігеев пен Гүлсезім Шиналиева ұйытқы болды. Машатын әнге қосып, Түлкібасын мақтан еткен Кершетастық өнерлі жастар жер-жерден елге келіп, ауылдық клубта бас қосты. Олар ауылдас, ағайынның ортасына келіп, олардың ақжарма тілектерін тыңдап, арқаны кеңге салып, масайрап ән айтқанның қандай бақыт екенін жасырмады. Өнерлі ұл-қызын ұлықтап, елеп-ескеріп, өнердегі жолдарына ақ батасын берген Кершетастықтардың бұл бастамасы өзге де ауыл-аймақтарға зор үлгі деп білдік.
Баласының өнерін көруге, тамаша әнін есітіп, ерекше әсерге бөленуге асыққан жұрт клубқа қарай ағылды. Ауылдағы бүлдіршіндер асыр салып би билеп, тамылжыта ән салды. «Ауылым-асқан сағынышым» деп, қара топырағына қаладан келген Мұсан Момбаев, Манас Биатанов, Мамадияр Таукеев, Астана Қарғабай, Айша Берікқызы сынды өнерлі азаматтары тамаша туындыларын орындап берді. Түлкібастың қай өңірін алсақ та қасиетке толы қара топырағынан талай тектілер, мықты ғалымдар, білек сыбанған батырлар, өнерлі азаматтар шыққан. Сондай кіл мықтыларды тудырған кезекті ел осы Кершетас ауылы болып отыр. Елдің берекесі мен бірлігін ойлап тәуелсіз елдің төрінде Дархан Мыңбай отырса, имандылық пен сатираны қатар алып, өнердің ең биік шыңында Мадияр Серікбаев тұр. Мұның барлығы осы топырақта өскен, киелі жерде асыр салып ойнаған, шағын ғана мектептен білім алып, ең алғашқы өнерлерін аядай ғана сахнада көрсеткен азаматтар еді. Кершетас ауылдық клубының қызметкері Мұхамеджан Әбсаттарұлы:
-Біз жастарымыз мақтанамыз. Олардың абыройын асырып, қай кезде болмасын қолдау көрсетуге дайынбыз. Түлкібастың оның ішінде біздің шағын ғана шетте орналасқан Кершетасымыздың атын шығарып жүргендеріңіз үшін шынайы алғысымды айтамын. Клубымыз ашылып, қарқынды жұмыс жүргізуге қабілетіміздің де ашылғанын байқап жүрміз. Алдағы уақытта жоспарларымыз өте көп. Амандық болса, жерлестеріміздің әрбіріне арнап жеке концерт өткізсек пе деген ойдамыз. Бірігіп жұмыс жасап, елдің мерейін асырып, абыройын асқақтата берейік. Өнер біздің айнамыз, қабілет қарымымыз болып отыр. Өнер ешқашан өлмейді. Өнерлеріңіз мәңгілік болсын,- деп ізгі тілегімен бөлісті.
-Ауылға асығамыз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, біздің қабілетімізді танып, бойымыздағы өнердің жарып шығуына себеп болған осы ағайын, ауылдас, ұстаздарымыз. Баршаңызға қарыздармыз. Ауылды сағынып, келуге ыңғай таппай жүрген едік. Мынау шақыртуларыңыз ойымызға құба-құп болып, ауылға деген сағынышымызды басуға себеп болғандай. Ағайынды жинап, өнерлі ордаға концерт қойып, елге мақтаныш етіп жатқандарыңыз үшін үлкен рахмет. Аман болыңыздар,- деп Жиынбай ауылынан шыққан өнерпаз Астана Қарғабай тілегін жеткізді.
Шара барысында ақындар да назардан тыс қалмады. Мұқан Маймақов ағамыз жырдан шашу шағып, қара сөздің қадірін ұғатын қазаққа тамаша өлеңдерін оқып, ерекше шабыт сыйлады. Би де, әсем әнде, қасиетті қара өлең де, айтыс та, күй де қойылып, орындалған тамаша іс-шараға көрермендер дән риза болды. Қазақстанның әр бұрышынан келген Кершетастық өнерлі азаматтар жайында бұрынғы ұстаздары сөз алып, жылы естеліктерімен бөлісті. Келмес кездің керемет сәттерін, алғаш сахнадағы қызықтарын айтып өткен ұстаздары өнерлі балаларына сый-құрмет көрсетіп, ата-аналарына ақ жаулық, кестелі шапан табыстады. Бұл текті елдің көрегенділігінің бір белгісі деп түсіндік.
Өнер де, білім мен ғылым да ауылдан шығады. Оған топырақтың киелілігі, адамдардың адалдығы, бір-біріне деген бауырмалдығы себеп болса керек. Ауыл дамыса, ел дамитыны сөзсіз.
А.МӘМЕТ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ӨНЕРІ ӨРІСТЕГЕН «АРША»ТОБЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КЕЛУШІЛЕР САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
4
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
3
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.