ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: 2024 ЖЫЛЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 5 АУЫЛ ҚАТЫСАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: 2024 ЖЫЛЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 5 АУЫЛ ҚАТЫСАДЫ

30.11.2023
Жаңалықтар
0
ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: 2024 ЖЫЛЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫНА 5 АУЫЛ ҚАТЫСАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Келес ауданында «Алтын күз — 2023» ауыл шаруашылығы саласының қорытынды жиыны өтті. Оның аясында арзан бағада азық түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, ауылшаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты шараға қатысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев барша аудан тұрғындарын берекелі де, мерекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, үздік ауыл округтерімен, шаруа қожалықтарын марапаттады.
— Ауданымыздың негізгі тірегінің бірі ауыл шаруашылығы саласы екендігі баршаңызға аян. Ата-бабадан келе жатқан бұл саланы өңіріміздің шаруалары табысты қорытындылап отыр. Биылғы жыл ауданымыздың ауыл шаруашылық саласы үшін жемісті жыл деп айтсақ болады. Ауыл шаруашылығындағы тың әдістерді кеңінен қолданып, шаруаларымыз нәтижесін көріп отыр. Жоспардағы көрсеткіштеріміздің орындалуы бойынша жоғарғы нәтижеге жеттік. Келес ауданының құнарлы жерінен өндірілген өнімдеріміз Республика аумағынан бөлек, көрші мемлекеттерге дейін экспортталды. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ағымдағы жылы Келес ауданынан Қошқарата, Ошақты, Ақтөбе және Біртілек ауылдық округтері жобаға қатысты. 2024 жылға қарай «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Келес ауданынан қосымша 5 ауыл және ауылдық округтер жобаға қатыстыру жоспарлануда. Атап айтқанда:Абай ауылы, Алпамыс батыр, Бірлесу, Жүзімдік және Ұшқын ауылдық округтері. Алдағы уақытта, біздің алдымызда ауыл шаруашылық саласын дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып өнім көлемін арттыру міндеттері тұр. Облыс аумағында Келес ауданының аграрлы ауданы екенін негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жұмыла жұмыс істеуге баршаңызды шақырамын, — деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. Жалпы келестік шаруалар жиын терім маусымын жоғары аяқтады деуге толық негіз бар. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі биылғы жылдың тоғыз айында 56,6 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде мал шаурашылығының үлесі 22 240,1 млн.теңге болса, өсімдік шаруашылығы бойынша 16 001,3 млн.теңгені құрады. Сонымен қатар, 80-ге жуық ауылшаруашылығы техникалары жаңартылып, ағын су жүйесі тазартылды. Нәтижесінде суармалы жерлердің көлемі артып, Келес ауданы көкөніс өндіруде облыс деңгейінде үздіктер қатарынан көріне білді. Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ШАРТ-ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ ЕҢ ҰЗЫН КАНАЛ МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ТАЗАЛАНУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.