ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

28.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Асия Темірбаева мәлімдеді.
Асия Құралқызының айтуынша, облыс халқының 713 мыңнан астам азаматы әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылуда. Биылғы жылдың 1 қарашасында облысқа 735 отбасы, 1 073 этникалық қазақ қоныс аударған. Оның ішінде Өзбекстаннан – 1 036 адам, Ауғанстаннан – 11 адам, Тәжікстаннан – 8 адам, басқа мемлекеттерден – 18 адам келген.
«Еңбек министрінің бұйрығына сәйкес, теріскейге көш бойынша республика бойынша 6 727 квота бөлініп, биылғы жылдың 9 айында Түркістан облысынан 340 отбасы, 1 426 адам қоныс аударды. Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 айында АӘК 154,7 мың адамға тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 7,2% құрады. 2022 жылмен салыстырғанда, облыс бойынша ағымдағы жылы АӘК алушылардың саны 22% — ға төмендеді. Жоспарға сәйкес 2023 жылы әлеуметтік мәселелерімен келетін көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы Түркістан қаласында ашылды. Ағымдағы жылға барлық деңгейдегі бюджеттерден жалпы 11,1 млрд. теңге бөлініп, 50 807 техникалық оңалту құралдары мен қызметтері ұсынылып, қажеттіліктің 85,2 пайызы қамтылды. Осы ретте айтатын мәселе, өңірде 97 075 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Оның ішінде 82 174 — ересек болса, 14 901 — балалар. Сауран ауданы, Оранғай ауылындағы 50 төсек орынға арналған психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2024 жылдың 3-тоқсанында аяқталады деп жоспарланған»,-деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, брифингке келген Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ақмарал Жолаеваның айтуынша, Түркістан облысында 2023 жылы 109,7 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
«Биыл «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобасын» жүзеге асыруға жалпы 112,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Оның ішінде 40,2 мың адам — тұрақты, 36,2 мың адам — субсидияланған уақытша жұмыс орындарымен қамтылған. Одан бөлек, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын құру» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша шағын және орта бизнес субъектілері арқылы 11 ай қорытындысымен 26 421 жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 2,3 млрд. теңге қаржы қаралып, облыс көлемінде 1 688 азамат мемлекеттік грант алды. Нәтижесінде 1688 азамат өз кәсіптерін ашып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап 35 жасқа толмаған 594 азаматқа 2,5 пайыздық 5 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған болатын. Осы мақсатта 2 млрд 970 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда, 933 жоба конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, 583 адамның жобасы 2 млрд 772,7 млн.теңгеге мақұлданды»,- деді Ақмарал Пернебекқызы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ӨҢІРДІҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ТҮРКІСТАН-ҚАРНАҚ» БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.