ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Четверг, 5 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2023
Экономика
0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің басын біріктірген TIF’23 — «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтуде. Онда «Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібін дамыту» жайында панельдік сессия отырысы өтті. Сала майталмандары оның даму перспективалары мен сыртқы нарықтарға шығу жолдарын талқылады. Ірі компаниялардың басшылары өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін ортаға салды. Сессия отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, сала жетістіктерімен бөлісті.
— Өздеріңіз білетіндей, Түркістан облысы аграрлық өңір болып табылады. Өйткені агроөнеркәсіптік кешен облыстың жалпы өңірлік өнімінің 30%-ын құрайды. Географиялық орналасуы, климаттық жағдайлары бойынша облыс аграрлық саланы дамыту үшін, сондай-ақ жұмыс күшімен қамтамасыз ету тұрғысынан ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 100 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді, сонымен қатар 1 миллионнан астам халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен саланың инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай өсті. Соңғы 5 жыл ішінде аграрлық салаға шамамен 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тартылды. Әлемде халық санының өсуіне, сапалы азық-түлік тауарларына сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешенді жаңа форматта дамыту өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты, өңірде бұл саланың бірнеше бағыттарын дамытуға күш салудамыз. Сондықтан саланы жаңа бағытта дамытуды, шикізаттық дамудан дайын өнімді шығаруға көшуді жан-жақты талқылауда біз бірыңғай ұстанымға келеміз деп үміттенемін,- деді ол.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға басымдық беріледі. Суармалы суды тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жұмыстарына күш салынған. Сонымен қатар Түркістан облысында бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған қайта өңдеу саласы дамуда.
Ауқымды жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей елдерінің беделді саясаткерлері, ықпалды кәсіпкерлері, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары арнайы қатысты. Сонымен қатар, форум аясында келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 1 триллион 55 миллиард тенгені құрайтын 20-ға жуық мемарандумға қол қойылды.
Айта кетейік, облыс үлесіне республиканың суармалы жерлерінің 1/3 бөлігі тиесілі. Республика халқын отандық өніммен қамтамасыз етудегі облыстың үлес салмағы өте жоғары. Облыс үлесіне өндірілген шикі мақтаның 100%-ы, жүзімнің 74% -ы, бақша дақылдарының 59% -ы, жемістердің 35% -ы, жүгерінің 25% -ы, көкөністердің 23% -ы тиесілі. Облыста жылыжай шаруашылығы (1640 га) және қарқынды бау-бақша шаруашылығы (5,6 мың га) жүйелі түрде дамып келеді.
Жыл сайын облыста 3 млн.тоннадан астам көкөніс және бақша дақылдары, 800 мың тонна дәнді дақылдар, 200 мың тонна жемістер мен жүзім, 300 мың тонна шитті мақта өндіріледі.
Мал шаруашылығы көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Республикада облыс үлесіне ірі қара мал басының 14% — ы, ұсақ малдың 23% — ы, жылқының 11% — ы, түйенің 14% — ы, өндірілген еттің 11% — ы және сүттің 12% — ы тиесілі. Сондай-ақ облыс үлесіне елден экспортталатын ірі қараның 85% — ы, қой етінің 60% — ы тиесілі. Биылғы жылдың 10 айында 10 тонна ірі қара еті, 4,6 мың тонна қой еті экспортталады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ӨҢІРДІҢ КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПОЛЬШАЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ШАРДАРАДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
3
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
7
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі
Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
4
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
156

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.