ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ТУЫНДЫЛАРЫ НАСИХАТТАЛЫП, ФИЛЬМ РЕЖИССЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 13 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ТУЫНДЫЛАРЫ НАСИХАТТАЛЫП, ФИЛЬМ РЕЖИССЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23.11.2023
Мәдениет
0
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ТУЫНДЫЛАРЫ НАСИХАТТАЛЫП, ФИЛЬМ РЕЖИССЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен балаларға арналған Шымкент қаласында іс-шара өтті.
Биыл Түркістанның облыс орталығы болғанына 5 жыл толуына орай «Ұлттық кино» жобасы аясында өткізілген жиынға №2 «Оқушылар сарайы» МКҚК-нан жалпы саны 60-тан астам жасөспірім қатысып, «Түркістан» анимациялық фильмін тамашалады. Кинокөрсетіліммен қатар, аталған орталықта кеш қонағы, өңірімізде түсірілген көптеген көркем және анимациялық фильмнің режиссері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Батырхан Дәуренбековпен кездесіп, көлемді сұхбат өткізді. Жас буын өкілдері жан-жақты сұрағына жауап алып, мазмұнды тағылымы мол әңгімеге қанық болды.
Шара соңында сөз алған «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Райхан Нарикова аталған жобаның мақсатына тоқталды.
– Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – облыстағы қасиетті мекендер мен киелі жерлерді айрықша көрсетіп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу. Тәрбиелік мәні зор туындыларды өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіру баршамыздың парызымыз. Осыны негізге ала отырып, биылғы мекеме жоспарына сәйкес, жасөспірімдерді Отансүйгіштікке жетелейтін бағыттағы анимациялық фильмдер кинокөрсетілімін жыл басынан бері Түркістан облысының аудандары мен көршілес жатқан Қызылорда қаласында өткіздік. Бұл бағыт бойынша алдағы уақытта әлі де кеңінен насихаттау жұмысы жүргізіледі деп сенім білдіремін. Бұл тұрғысынан өз үлесін қосып келе жатқан әріптестерімізге алғыс білдіремін. Кинокөрсетілім бойынша іс-шараларымыз қорытындыланып келеді. Жыл аяғына дейін Түркістан қаласында өткізілетін жобаларымыз өз мәресіне жетеді, – деді Райхан Дәрменқызы.
Шара барысында аталған орталықтағы дәріс алушы талантты қылқалам шеберлері жергілікті «САҚ» киностудиясы таспалаған анимациялық фильмдердің бірқатар кейіпкерлері бейнеленген бұрыш көрмесін арнайы сый ретінде дайындаған. Кеш кейіпкері – режиссер Батырхан Дәуренбеков сол қабырға көрмесіне өз қолтаңбасын қалдырды.
Айта кетейік, «Оңтүстікфильм» мекемесі осыған дейін Қызылорда облысында, өңірімізде Мақтаарал, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Сайрам ауданы мен Жетісай, Арыс және Кентау қаласында балалар кинокөрсетілімін өткізіп, ұсынылған туындылар көпшілік көңілінен шыға білді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ӘДЕБИ ЖОБАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНА СОЗАҚТЫҚТАР 500 ДАНА КІТАП СЫЙЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.