ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ — Төрттаған
Воскресенье, 17 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

23.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

READ ALSO

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына Қытай Халық Республикасынан делегация іссапармен арнайы келді. Делегация құрамында ҚХР Шандон провинциясының Линцин қаласы, Шыңжаң өлкесінің Үрімжі қаласындағы ірі кәсіпорын басшылары болды. Қытайлық делегация бірқатар өндіріс орындарын аралап, инвестиция салуға ниетті салалардың жұмысымен танысты.
Шетелдік кәсіпкерлермен аудан әкімі Азат Оралбаев кездесіп, ауданға инвестиция салатын кәсіпкерлерге инфрақұрылым жеткізіп беру және жеңілдетілген несие алу мәселелері бойынша көмек көрсетілетінін жеткізді.
– Ауданымыз – негізінен, ірі өндіріс орындары шоғырланған өнеркәсіптік бағыттағы аймақ. Сонымен қатар Ордабасыда ауыл шаруашылық саласына да басымдық берілген. Ауданға инвестиция салуға ниет білдірген жағдайда, біз сіздерді қолдауға дайынбыз, – деді аудан басшысы.
Кездесуде екі тарап инвестициялық жобалар туралы талқылады. Ресми кездесуден соң делегация мүшелері Бадамдағы «Қазақ-түрік индустриалды аймағында» орналасқан «Kazkioti» трактор құрастыру зауыты, әртүрлі мақсаттағы алюминий профильдерін және одан жасалған бұйымдарды шығаратын «Gold Aluminium» зауыты, «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы, ұн шығаратын «Ордабасы Нан» зауыты, күркетауық етін өндіруші «Ордабасы құс» фабрикасының өндіріс орнын аралап, жұмыс барысымен танысты. Қытайлық компания өкілдері өнімдерді арнайы сараптамадан өткізу мақсатында жергілікті азық-түлік өнімдерінен сынамалар алып, зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Сапар барысында қытайлық делегаттар ауданның брендіне айналған құс еті мен ұн өндірісіне ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында кәсіпкерлерге өндіріс орнының қуаттылығы, логистикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық жағдайы туралы толыққанды ақпарат берілді.
Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері бастаған Ордабасы, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт аудандары және Кентау қаласының әкімдері мен кәсіпкерлерінен құралған Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Линьцин қаласына іссапармен барған болатын.
Нәтижесінде, ордабасылық «Компания Ануар» ЖШС мен қытайлық «Baoji Haoyu Hitech Machine Engineering Co.Ltd» корпорациясы қыш зауытына қажетті жаңа технологиялы қондырғы жабдықтар сатып алу үшін өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮҒА КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ТҰРҒЫНДАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУЫ ҚАЖЕТ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

21.04.2026
14
Жаңалықтар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

21.04.2026
10
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

21.04.2026
9
Жаңалықтар

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу

21.04.2026
13
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

21.04.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды

21.04.2026
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
460

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
397
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.