ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

23.11.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Отырар ауданын дамытуда қандай кедергілер мен кемшіліктер бар? Өңірді өркендету үшін не істеу керек? Жоспарлары бар ма? Тапсырмалар тұрақты орындалып, ел мүддесі қорғалып жатыр ма? Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына арнайы барып, аудан активінде осы сұрақтарды талқылады. Жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Ауданға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстарын күшейту қажет. Орындау тапсырылған инвестициялық жобалар бүгінгі күнге дейін жүзеге аспаған. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жоспар орындалмай отыр. Инвесторлар келіп, жаңа кәсіпорындарын ашса, ауданның салық базасы ұлғаяды. Отырар ауданында туристерге қызмет көрсететін орындарды дамытуға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырғанмын. Бірақ өздеріңіз көріп отырсыздар, ауданның басты туристік нысаны – Арыстан баб кесенесінің жағдайына, келушілердің көңілі толмайды. Кесененің жанындағы аймақты абаттандыру бойынша қажетті шараларды қабылдау қажет. «Қызыл ту» насос станциясын жөндеу бойынша ұсыныс енгізіп, бұл мәселені шешуді тапсырғанмын. Сонымен қатар аудандағы каналдарды механикалық тазалаудан өткізу керек. «Қазсушар» мекемесімен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, аталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдансын, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың есебі тыңдалды. Ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды, ескертпелер бойынша іс атқарылатынын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды зерделеу барысында анықталған кемшіліктерге, экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 80 млрд. 112 млн 330 мың теңгені құрап, 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда артық орындалды. Жалпы ауданда салық төлеушілердің мүлігіне қайта бағалау жүргізіп, құны 900 млн. теңгеге артып, қосымша 5 млн. теңгеге жуық кіріс анықталған.
Дегенмен бірқатар көрсеткіштер мен тапсырмалардың орындалуы бойынша кемшіліктер анықталған. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 95,2 пайызды құрап, жоспарлар орындалмай отыр.
Актив отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланып, жауапты басшыларға сын-ескерпе айтылды.
Атап айтқанда, жұмыс орындарын ашу, білім, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу, ауданды абаттандыру, тазалық сақтау жұмыстарын күшейту және өзге де мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: “АУЫЛ АМАНАТЫ” БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ ҚАЖЕТ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАҒЫ БІР АУЫЛ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.