ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ТАБЫСТЫ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 25 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

22.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан облысында күзгі жиын-терім науқаны табысты өтті. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 870,2 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 9 мың гектарға артты. Салада қандай мәселелер, жоспарлар бар? Жыл қалай қортындыланды?
Бұл сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында талқыланды.
– Ауыл шаруашылығы – облысымыздың негізгі драйверлерінің бірі. Ізденісті тоқтатпау керек. Су үнемдеу технологияларын қолдану, егістікті әртараптандыру аса маңызды. Бекітілген индикаторға қол жеткізе алмаған аудандарда жұмысты күшейткен жөн. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, экспорттық әлеуетін көтеру және азық-түлік тапшылығының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі атқарылсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыру, су үнемдейтін дақылдар алқабын көбейту жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде масақты дақылдар 10 мың гектарға артып, 273,4 мың гектарға орналастырылды.
Одан 493 мың тонна өнім жиналды. Майлы дақылдар 6 мың гектарға артып, 83,2 мың гектарға егілген. 83 мың тонна өнім жиналса, малазықтық дақылдар 2 мың гектарға артып, 5 млн. тонна мал азығы дайындалған. Жоспар артығымен орындалған. Бір ерекшелігі, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 2 мың гектарға қысқартылған Бірақ өнімділікті арттыру есебінен, рекордтық 3,3 млн. тонна өнім жиналған. Мақта дақылы 15 мың гектарға қысқартылып, 300 мың тонна мақта алынған.
Облыстың оңтүстік өңірлерінде мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері, бұршақты дақыл және малазықтық дақылдармен алмастыру арқылы ауыспалы егістікті ендіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл бағытта дәндік жүгеріні өткізу нарығымен қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданының индустриалды аймағындағы 35 гектар аумаққа құны 32 млрд. теңгені құрайтын «Жылына 150,0 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Түркия және Франция елдерінің технологиясы қолданылған жобаның бірінші кезеңі аяқталып, тауар өндірушілерден 2 мың тонна дәндік жүгері қабылданған.
Облыста минералды тыңайтқыштар алу үшін 10575 агроқұрылымға 6,3 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Пестицидтер мен биогенттер алу үшін 275 агроқұрылым 60 млн. теңгеге мемлекеттік қолдауға ие болды. Сонымен бірге тұқым, жанар жағармай бойынша да шаруаларға тиісті көмек берілген.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАЖЕТ»

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.