Кәсіпкерлікті «қолмен көтеру» керек — Төрттаған
Воскресенье, 23 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Кәсіпкерлікті «қолмен көтеру» керек

26.10.2023
Қоғам
0
Кәсіпкерлікті «қолмен көтеру» керек

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында да көптеген өзекті проблемалар мен күрмеуі көп мәселелерге тоқталды. Маған айрықша ұнағаны, орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі жөнінде айтқаны. Рас, кәсіпкерлікті қолдау туралы билік тарапынан жиі сөз болғанымен, нақты көрсетіліп жатқан көмек шамалы. Сондықтан шағын және орта бизнестің даму қарқыны әлі де төмен. Бұл үдеріс неге қанатын жая алмай отыр? Өйткені, олар түрлі әкімшілік кедергілерден аяқ алып жүре алмайды. Сол себепті тұсаулы аттай кібіртіктей береді. Еркін қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Байлап-матап тастаған секілді. Мұны бизнесте жүрген азаматтардың көпшілігі біледі деген ойдамын.  Ел Президентінің: «Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған «бюрократиялық барьерлерді» жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді.  Өйткені, кейбіреулерге шағын бизнес деңгейінде қалғаны өте «қолайлы» көрінеді» деген сөздері көкейге қонады және ол ақиқат.
Қасым-Жомарт Кемелұлы кемшіліктерді атап қана қоймай, мұндай тығырықтан шығу жолдарын да атап көрсетіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Шағын бизнесмендердің өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға жетелейтін мотивация қажет. Оларды осы мақсатқа ынталандыру үшін қазіргі қолданыстағы заңға өзгерістер керек.  Қарап отырсаңыз, ел нарығында  белсенді жұмыс істеп, көл-көсір табыс тауып жатқан орта кәсіпорындар жетіп артылады. Соларға төменгі пайызбен кредит беріп, нақты қолдау көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр! Осындай табысты кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу қажет.
Нақты қолдаулар арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту керек. Жалпы, ҚР Президентінің: «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Кәсіпкерлерді қудалауды тоқтату керек. Олар ішкі экономикамыздың өрлеуіне өз үлестерін қосады» деген уәждерімен толықтай келісемін. Бұдан басқа, салық саласындағы  есептерді 30 пайызға төмендету жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
Демек, биылғы Жолдаудың шарапатын кәсіпкерлер көреді деген нық сенімдемін.
Н.ҚОЗЫБАҚОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түйінді түйткілдер тарқатылды

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
443

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
375
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
227
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.