Өсиет те, қасиет те – қарттарда — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Өсиет те, қасиет те – қарттарда

22.10.2023
Қоғам
0
Өсиет те, қасиет те – қарттарда

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Әңгімеміздің әлқиссасын оңтүстік өңіріне танымал қаламгер, қазыналы қария, абыз ақсақал болған Әдіһам Шілтерханов ағамыздың осы мәйекті сөзімен бастауымыздың да өзіндік сыры бар. Расында, қариялық – соқтықпалы-соқпақсыз өмір жолынан алынған сабақтың, тағлым-тәжірибенің, жылдар бойы көңіліңде қатталып, көкіректе сақталған даналықтың қайнар көзі екеніне дау болмаса керек.
Біздің елімізде қарттар күні болып белгіленген 1 қазан күні саналы ғұмырын тынымсыз еңбегімен мемлекетіміздің іргетасын бекітуге арнаған алдыңғы буын ата-әжелеріміздің өнегелі өмір жолы мен ізгі істерін үлгі етіп, оларға лайықты құрмет көрсету — кейінгі ұрпақ үшін ұлағаты мол үрдіске айналды. Бұл атаулы күн осыдан 33 жыл бұрын аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге қоғамның назарын аудару мақсатында аталып өте бастаған болатын. Жер-жерлердегі ардагерлер ұйымдары бұл маңызды міндетті ойдағыдай орындап келе жатқанын ерекше атап өткен жөн.
Сөзімізді тарқата айтсақ, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі өз жұмысын «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің қаулылары мен қарарларын басшылыққа ала отырып, облыстық кеңес тарапынан қабылданған «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасының аясында негізгі 8 бағыт бойынша жүргізіп келеді.
Көргені көп, айтары бар абыз ақсақалдардың ауыл- елдің амандығын тілеп, ауызбіршілігін сақтап, елдегі бірлі-жарым телі мен тентекті тезге салып, көптің сөзін сөйлеп отыруы – нағыз нардың жүгін көтерген көсемдіктің белгісі емес пе?! Осындай бітімгершілік, әділ билік құзыретін атқаратын облыстағы 21 кәсіби, 336 қоғамдық медиатор-ардагерлердің де ел ішіндегі дау-дамайды азайтуға үлкен септігі тиіп отырғанын атап айтқан жөн. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданының Жаңабазар, Төлеби ауданы, Леңгір елді мекендерінде ардагер ақсақалдардан құрылған «Ынтымақ» орталығының ықпалымен қазір дүкендерде арақ-шарап сатылмай, түрлі құқықбұзушылықтарға тосқауыл қойылғаны, әртүрлі дау-дамайдың ел ішінен сыртқа шықпай, сол жерде шешіліп, жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық жасалып отыруы да қазыналы қарттардың қарымын танытуда. Дәл осындай орталықтар биыл Түлкібас, Келес аудандық және Кентау қалалық ардагерлер кеңестерінің де жанынан ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар басқа аудан, қалалар мен ірі елді мекендерде де жүргізіліп жатыр.
Отан отбасынан басталады десек, сол отбасының берекесін ұйытқан ана мен ене мектебі – өз алдына үлкен институт. Мұндай рухани ғимараттың кірпіші сонау ықылым замандарда-ақ қаланған. Сондықтан, ұлтын ұлықтаған ұрпақ тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын насихаттау, ене мен келін татулығы, сол арқылы шаңырақ пен әулет ынтымағын сақтау мақсатында облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасының» 17 аудан мен қалада, 902 білім мекемесінде бөлімшелері бар. Сондай-ақ, 528 елді мекендегі бастауыш ұйымның жұмысы да ардагерлердің тағлымды тәрбиелерінің қоғамға ықпалы зор екенін дәлелдеп отыр.
Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда: «….. өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Балаға дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ – бұл қауіпті үрдіс» деген болатын. Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысу баршамыздың да қастерлі борышымыз. Осы орайда, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру – еліміздегі ардагерлер ұйымдарының басты міндеті болып қала береді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталып өткендей, бүгінде зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асуда.
Ж.МӘУЛЕНҚҰЛОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Бәрі де тәрбиеге байланысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дені сау бала – дені сау мемлекет

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.