Нақты іспен қолдау қажет — Төрттаған
Понедельник, 3 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Нақты іспен қолдау қажет

22.10.2023
Қоғам
0
Нақты іспен қолдау қажет

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы экономикалық жаңғыруға бағытталды. Халықтың көптен күткені де экономикалық даму еді. Әлбетте, ішкі-сыртқы саяси тұрақтылық болмаса, әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Ең бастысы, Президент Жолдаулары жергілікті жерлерде қолдау тауып қана қоймай, шешімін де табуы керек.
Президент ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген саяси реформалар туралы айтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққаны, алдағы уақытта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажеттігін айтты. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше екеніне мән берді.  Сондай-ақ, экономика мен адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалғанына тоқталды.
Мемлекет басшысы экономикалық жаңғыруға бет бұру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет экономикалық еркіндікке көшпекші. Әлі күнге шикізатқа тәуелділіктен арыла алмай келе жатқанымыз бен инновацияның жеткіліксіздігі, еңбек өнімділігінің төмендігі жасырын емес. Соның салдарынан өндіріс, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, жалпы барлық дерлік салада айтарлықтай даму байқалмады. Президент өзі бастап жұртшылық ұлттық табыстың игілігін көру үшін күрделі мәселелердің нақты шешу жолдарын көрсетті. Енді макро-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру қолға алынды. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде жалақы, жұмыссыздық, баға, табыс, инфляция, салық сияқты дүниелер мемлекет деңгейінде қарастырылатын экономикалық рәсімдер. Экономиканы әртараптандыру жан-жақты  дамуға жол ашуы тиіс. Ал, цифрландыру жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді. Мысалы, бизнес немесе бизнеске қызмет көрсету жүйесі цифрландыруға көшірілсе адами фактор араласа алмайды, нәтижесінде жемқорлық деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді.
Сондықтан да дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Президент осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.
«Жолдауда халық үшін маңызды саналатын «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, аудандар мен моноқалаларға, ауылдарға баса назар аударылған. Қазір елімізде 21 банк болса, оның корпоративті секторға несие берумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банктері ғана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекені арттыру үшін елімізге шетелден сенімді үш банкті тартқан жөн» деді Президент.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы елімізде нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін айтты. Осы жағдай азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды.
«Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ, ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауатын арттыру өте маңызды» деді Президент.
Бүгінде «Amanat» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысының  Жолдауында инвестицияға ерекше мән беріледі. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болса, елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылған. Президентіміз мұның рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті. Ал, сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жеткен. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз.
Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты. Өскелең ұрпақтың білімді болуы мен жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын «Жайлы мектеп» жобасы бастау алды. Бүгінде осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Әр баланың есеп шотына қаражат аударылатыны, жас ұрпақтың болашағына назар салғаны барша балалар мен ата-аналарды қуантып отыр. Жолдаудың жақсылығын бүлдіршіндер мен оқушылар, студенттер мен педагогтар, зейнеткерлер, жалпы әлеумет көреді.
Қ.БАЛАБИЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Бюджет қаржысы қатаң бақылауда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бәрі де тәрбиеге байланысты

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
367
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.