САЙЛАУ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙЛАУ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

20.11.2023
Жаңалықтар
0
САЙЛАУ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстанда 5 қарашада үш қала мен 42 аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы туралы айтқан болатын.
«Екі жылдан астам уақыт бойы ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін азаматтардың өзі сайлады. Енді бізге аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауды сынақтан өткізу керек», – деді Президент.
5 қараша күні Шардара ауданының әкімі сайлауы жоғары дәрежеде өтті деп айтсақ болады.
Осы күні таңғы сағат 07:00-ден бастап Шардара ауданындағы 33 сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады.
Аудан бойынша 44109 сайлаушы болса, соның 29929-ы сайлау барысында өз таңдауларын жасады.
Шардара ауданында 1 аудандық сайлау комиссиясы және 33 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Аталған учаскелердің 2-еуі жабық сайлау учаскесі. Барлық сайлау комиссиялары орналасқан жайлар мен дауыс беру өтетін орындар заңға сәйкес материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталып, санитарлық нормалар сақталды. Байланыс телефоны, қосымша электр көздерімен толық қамтылды.
Сайлау басталған шақта әрбір сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сый-сияпаттар жасалды. Кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп тұрған жастар да сыйдан құр қалмады. Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалды. Сайлау комиссиясының мүшелері олардың отбасыларына барып, таңдау жасауларын қамтамасыз етті.
–5 қараша шардаралықтар үшін үлкен маңызға ие тарихи күн болды. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауы өте жоғары деңгейде өтті. Әркім өзі қалаған үміткерге дауыс берді, сайлауалды бағдарламасы ұнағанына қолдау көрсетті. Ешкімді ешкім алдамады, дауыс беруге мәжбүрлемеді.
Таң азаннан ауданның сайлау құқы бар үлкен-кішісі өздерінің учаскелеріне ағылып, елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтыны көңіл қуантты. Саналы түрде таңдау жасалды.
Міне, сондықтан да сайлауды «әділ өтті» деп толықтай сеніммен айта аламын.
Енді жеңіске жетіп, халықтың сеніміне ие болған үміткер өз халқының игілігі үшін алдағы уақытта да аянып қалмайтынына, еліміздің болашағы үшін ауқымды жобаларды қолға алып, жүзеге асатынына шүбә келтірмейміз. Тек қана сәттілік тілейміз, – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков.
– Мен таңертең ерте тұрып, өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Дауыс беру жақсы өтті. Өзім қоғам белсендісі ретінде, ауданымыздың Құрметті азаматы ретінде сайлаудың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға беремін. Дегенмен біраз кезек күтуге тура келді. Бұл керісінше, жақсы көрсеткіш, адамдар жақсы көңіл-күймен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Бұрынғы сайлауларға қарағанда қазір сайлау жүйесі әлдеқайда дамыған. Мәселен, адамдар цифрландыру процесінің игілігін көруде. Жеке куәліктің орнына оның электронды нұсқасын көрсету ыңғайлы. Сондай-ақ үйден шықпай-ақ өзіңіздің сайлау учаскеңізді тауып алуға мүмкіндік жасалған.
Сайлауға дауыс беруге барған адамдар әділдікке үміттері мол жандар. Сәйкесінше, сайлаудың нәтижесі әділ болса, ол әділеттілікке сенетін азаматтардың сенімін нығайта түседі, – дейді аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов.
Р.ПЕРДЕБЕК,
М.ДОСЫМҚЫЗЫ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨНДІРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШАРДАРА АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.