АРЫСТА КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР — Төрттаған
Воскресенье, 26 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АРЫСТА КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

21.11.2023
Жаңалықтар
0
АРЫСТА КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Бұл туралы бүгін брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова айтты. Шаһар басшысының айтуынша, биыл жыл соңына дейін Арыс қаласында 19,4 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 354 жұмыс орны ашылмақ.
– Биыл жүзеге асатын жобалар ішінде «Turkistan Agro KZ» ЖШС-ң «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңын» айтуға болады. 50 мың ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің жалпы құны — 8,7 млрд теңге. Биыл, бірінші кезеңде 25 мыңға арналған мал бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Кешен толық іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, ірі қара малды азықпен (жем, шөп) қамтамасыз ету үшін 4 500 га аумаққа жаңбырлатып суару әдісімен өнім алуға тағы 8 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бүгінгі таңда мал бордақылау алаңына қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында 54 шақырымға жоғары кернеулі электр жарығы тартылған, — деді Гүлжан Мамытқызы.
Брифингте белгілі болғандай, өңірде жүзеге асар маңызды жобаның бірі — «Mega-Agat» зауыты. Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500 млн теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы — 300 тонна. Одан бөлек, кәріз жүйелеріне арналған пластикалық құбырлар мен үй құрылысына арналған бұйымдар шығаратын зауыт жобасының жалпы құны — 800 мың АҚШ долларын құрайды. Тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады. Сонымен қатар, «Mega-Agat» серіктестігі ауқымды жоба құрылысын бастады. Ол – Арыс қаласындағы көліктік-логистикалық орталық жобасы. Еуропаның «А» стандартына сәйкес кешеннің ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. 6 гектар аумақта орналасқан нысанның көлемі — 15 000 шаршы метр. Оның ішінде 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтауға арналған қойма. Ал, қалған 12 000 шаршы метрі — қатты заттар сақтауға арналған. Сонымен қатар, құны 600 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жалпы, Арыс қаласында инвестиция тарту өте қарқынды жүргізілуде. Биыл қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған арыстық делегация Қытай Халық Республикасына іс-сапармен барған болатын. Құрамында жергілікті кәсіпкерлер бар делегация іс-сапар барысында бірқатар қытайлық зауыттарды аралап, маңызды келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, алдағы жылдары арыстық кәсіпкерлер қытайлық компаниялармен бірлесіп, қағаз өнімдерін өндіру, пластмасса өңдеу, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған өнімдер шығару, түсқағаздар, санитарлық-гигиеналық қағаз бұйымдарын шығаратын өндірістік цех ашуды жоспарлап отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫНДАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.