Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның құрылғанына 60 жыл толуына орай Кентау қаласы «Хантағы» және «Байылдыр» ауылдық клубында филармония өнер шеберлерінің «Ауылым – әнім» атты концерті өтті.
Ауыл мәдениетін көтеру, халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Кенді Кентау төрінде өткен концертте Шәмшінің әндері шырқалып, көпшілік көңілінен шыға білді. Кеш барысында Аяжан Нұрмаханбет, Аман Төре, Көркем Сүндетбаева, Бекзат Сәкенұлы, Мұрат Даниярұлы, Жазира Аралбаева, Бақытжан Мұстафаев, Нұрсұлтан Жақсылықов сынды өнерпаздар өне көрсетті.
Айта кетейік, аталған шара облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырма-жоспары негізінде облыстың шалғай ауылдарында өтіп жатыр. Жыл соңына дейін өзге де аудан, қалаларында жалғасады.