САЙЛАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ — Төрттаған
Суббота, 14 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САЙЛАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

07.11.2023
Жаңалықтар
0
САЙЛАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен әкім сайлауының Созақ ауданы бойынша сайлау қорытындысымен Созақ ауданының әкімі болып Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы сайланды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халықтың басым дауысымен қайта тағайындалған аудан әкімін аудан активіне қайта таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалары аясындағы жұмыстарды күшейтуді, инвестициялар тартып, ауданда өндірілетін өнім көлемін арттыру жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді.
– Тұрғындар сізге қайта сенім білдіріп, үміт артып отыр. Бұл – екі есе жауапкершілікті арттырады. Жұмысты жандандыру керек. Жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды жоғары жалақысы бар жұмыстармен қамтуға күш салу керек. Ауыл-аймақты назардан тыс қалдырмай, аудан орталығымен қатар дамытқан жөн. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Жаңа басшы өздеріңізбен бірге өңірдің дамуына аянбай еңбек ететініне сенім білдіремін, – деді облыс басшысы.
Жиында Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әбубәкір Сахиұлы сайлау нәтижесімен таныстырды. Созақ ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысты. Сайлаушылар тізіміне 35715 азамат енгізілді. Дауыс беруге 23948 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысымен Созақ ауданының әкімі болып 16016 дауыс жинаған Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков сайланды.
Мұхит Тұрысбеков 1967 жылы Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан облысы), Созақ ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ химия-технология институтында, 1999 жылы «Қайнар» университетінде білім алған. Мамандықтары – инженер-құрылысшы және шетел тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар маманы. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті кадрлық жұмыс бөлімі және талдау, бақылау және қаржыны жайғастыру жөніндегі басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет еткен. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан департаментінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының әкімі, «Қуат жылу орталық-3» МКК-нің директоры, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Созақ ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Өз кезегінде Мұхит Тұрысбеков сенім білдірген халыққа және облыс башысына алғысын білдіріп, аудан экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША СОЗАҚ АУДАНЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
199

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.