ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ» ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ» ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

08.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ» ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен республикамызда алғаш рет кәсіби волонтерлік қызметтің жұмысы басталды.
Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсті. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.
Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала.
«Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен волонтерлік қозғалыстың алғашқы отырысына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков және облыс аумағында орналасқан Жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. Жиын барысында волонтерлердің қолдауымен Пердебек Есқұлов аталған волонтерлік қозғалыстың төрағасы болып сайланды.
– Еріктілік халқымызға жат дүние емес. Өздеріңізге белгілі, ата-бабамыздан мұра болып қалған, «асарлату» ұғымы бар. Дәстүрмен бүгінгі күннің мәселесін ұштастырып, департментіміз арқылы республикамызда Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері арасында алғаш волонтерлік қозғалыс құруға бел будық. Қоғамымызда қаржылық алаяқтықтың құрбандары күн санап артуда. Департамент мәселенің салдарымен емес себептерімен күресуді жөн санады.
Қаржылық пирамидалар мен лудомания — дәл қазір шешімін табуы тиіс мәселе. Осы орайда біздің тараптан бастама болып отырған волонтерлік топтың қызметі ерекше болмақ. Бұл еліміздегі осы бағыттағы ең алғашқы қозғалыс болғалы тұр. Сондықтан да белсенді жастарға үміт артып, үдеден шығады деп сенім білдіремін, — деді департамент басшысы Ерболат Темірболатұлы.
Еріктілерді іріктеу 3 кезеңнен тұрмақ. Алғашқы кезеңде үміткерлер IQ тест тапсырып, екінші кезеңде эссе жазады. Соңғы кезеңде волонтер болуға үміткерлер өздері жайлы бейнеролик әзірлеуі тиіс. Осы сынақтардан сүрінбей өткендер ғана волонтерлар клубының мүшесі болып танылмақ. Берері мол жобаға арналған дөңгелек үстелге облыстағы барлық жастар орталықтарының басшылары қатысты.
Кездесуде Департамент қызметкері Гүлзия Қарсыбай волонтерлік қозғалыс жайлы баяндама жасап, қатысушылардың сұрағына жауап берді. Жиын соңында волонтерлік қозғалыстың атрибуттары – төлтаңба пен туы таныстырылды.
Айта кетейік, волонтерлік қозғалыстың басты мақсаты – облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік маңызды атаулы тауарлардың бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізу және облыс аумағындағы қаржылық алаяқтық деңгейінің төмендеуіне үлес қосу.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.