ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШТАР МЕН МҰЗДАТҚЫШТАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШТАР МЕН МҰЗДАТҚЫШТАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

06.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШТАР МЕН МҰЗДАТҚЫШТАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.
Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Украинаның «UBC Group» компаниясының басшысы Игорь Гуменныймен кездесіп, келіссөз жүргізді. Аталған инвестор Түркістан облысында сусындарды салқындататын тоңазытқыштар мен тоңазытқыш сөрелерін, мұздатқыштар шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өңір басшысы инвесторға Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетін таныстырып, жұмыс істеуге шақырды. Жобаны жан-жақты талқылап, қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Түркістанға қош келдіңіздер! Түркістан Қазақ елі үшін, Түркі әлемі үшін – қасиетті қала. Мұнда ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген. Қазақ хандығының астанасы болған. Бес жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, тарихи шаһар облыс орталығына айналды. Біз Түркістан өңірі мен облыс орталығын өндірісі, кәсіпкерлігі дамыған орталыққа айналдыруды көздеп отырмыз. Сіздермен бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз. Зауыт салуға жер, инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша қолдау көрсетеміз. Жерілікті мамандарды бірлесе даярлауға да дайынбыз. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтарымыз бар. Жол картасын әзірлеп, екі тарап өз міндеттерімізді орындау мерзімін нақтылайық. Сол бойынша жұмыс жүргіземіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Игорь Гуменный Қазақстанда алып кәсіпорын ашуға ниетті екенін айта келе жылы қарсы алған Түркістан облысы әкіміне ризашылығын білдірді.
– «UBC Group» – Шығыс Еуропадағы ең танымал әрі өндірістік қуаты мықты компаниялардың бірі. 5500 адам жұмыс істейді. Біздің зауыттарда өндірілген салқындатқыш техникалары, сусындарды сақтайтын тоңазытқыштар мен салқындатылған тауар сөрелері, шкафтары Еуропа мен Азия елдерінде сұранысқа ие. Сусын шығаратын атақты трансұлттық компаниялар бізбен тығыз жұмыс істейді. Түркістанға бір зауытымызды ашатын болсақ, бастапқыда 300 адам, толық қуатына енгенде 1200 жұмысшы қажет болады. Жергілікті тұрғындарды үйрету үшін мамандар да шақырылады. Бізге әзірге жалға үлкен ғимарат берілсе, кейін жер қарастырылса, және тиісті қолдаулар болса, әріптестік орната аламыз. Түркістанда шығарылған тауардың 60 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Кездесу барысында қос тарап жобаны жан-жақты зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Осы іссапарында инвесторлар Түркістандағы арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақты аралап көрді. Сонымен бірге Кентау қаласы мен Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақтардың жұмысымен танысады.
«UBC Group» сауда-өнеркәсіп холдингі – тоңазытқыш техникасы саласында жұмыс істейтін әлемдік көшбасшылардың бірі.
Компания әлемнің 120 еліне өнім жеткізеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ЗАУЫТ ТӘУЛІГІНЕ 100 МЫҢ ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.