Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков Сауран секторында жыл ішінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен 13 рет кездесу өткізді.
Нәтижесінде көтерілген 177 мәселе тіркелі, бүгінде оның 168-і орындалды, 5 мәселенің заңдылығы түсіндіріліп, 4 мәселе қаржы қажет етуіне байланысты 2024 жылдың жоспарына енгізілді.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі бойынша 1-2 мөлтек аудандарында көше жарықшам бағаналары қойылып, жарық берілді.
“СМП-313”, Көктем көшесі және Б.Майлин көшесінің 3 тұйығына 3 жаңа трансформатор қойылып, Баянауыл елдімекені Ұлы Дала көшесінде электр бағаналары ауыстырылды.
ТГЖД аумағында, Тәуке хан көшесі бойында, Тыныштыкулов, 1-2 м/а, Кенесары көшелерінде және Мақтазауыт аумағында 70 көшеге ауыз су жүргізілді.
Жауын суы жиналатын жерлердің бірқатарына 17 дренаж орнатылды. Тұрғындардың сұранысымен 3 жерге жаңа ойын алаңшалары мен футбол алаңы салынды.
Жангельдин көшесінің құрылысы жүруде, нысан келесі жылға өтпелі.
12 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. №7 қоғамдық көлік бағыты Мақтазауыт аумағына дейін ұзартылып, арақашықтық уақыты реттелді. Сектор аумағында 6 жаңа аялдама орнатылды. Көпқабатты 12 тұрғын үй кондоминимум бойынша ағымдағы жөндеуден өтуде, жұмыстар аяқталуға таяды.
Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде асфальттанған көше саны – 45-ге жетті. 105 көшеге тас төселіп, жарықтандырылған көше саны 156-ні құрады. Аяқжол төселген көше — 130-ға, және жаңа аялдамалардың саны – 52-ге жетті.
156 көше ауыз су, газ және электр жүйесімен толық қамтылған. Кәріз жүйесі 1/2 мөлтек ауданында және 5 көшеде іске қосылды.
Тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, кезегін күткен мәселелер жайын сұрады. Сонымен қатар, көше камераларының жарамдылығын тескеру, олардың санын көбейту ұсынылды. Кей тұрғындар бүтінді бүлдіруге құмарлардың ешқандай ескертуге құлақ аспайтынына шағымданды.
— Азаматтық жауапкершілікке құрметім бөлек. Жанашырлық үшін рахмет сіздерге. Қазақ ежелден есерін де, тентегін де ел болып түзеген халық қой. Сіздер жастарға үлгі болудан, оларды тәрбиелеуден шаршамаңыздар. Ал, шектен шыққандарын заң тәрбиелейді, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Кездесу қорытындысымен хаттама түзіліп, тапсырма жоспары әзірленді.
Күні кеше қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Шауғар секторының тұрғындарымен бас қосып, басты мәселелер жайын талқылады.
— Барлық бөлім басшыларынан бүгін аяқталуына мүмкіндігі бар жұмыстарды ертеңге қалдырмау талап етіледі. Әрі жыл басынан бері берілген тапсырмалардың заңға сәйкес жүзеге асуы тұрақты бақылауымда. Өздеріңізге белгілі, кей мәселелердің шешімі уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл жағдайға түсіністік танытып, сабыр сақтағандарыңызға алғысымды білдіремін, — деп бастады өз сөзін шаһар басшысы.
Шауғар секторында жыл ішінде өткен кездесулер нәтижесінде 140 мәселе көтеріліп, оның 132 орындалған.
Яссы және Шавгар мөлтек аудандарының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары аяқталып, 2 455 абонент ауыз сумен қамтылды.
Шауғар м/а, Ортақ тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының 2-кезеңі және Ортақ тұрғын алабының кәріздік желісін салу құрылысының 1-кезеңі жүзеге асты.
Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесі, І және ІІ мөлтек аудандарында, ОТП-3-те 10-0,4 кВ кабель желілері жүргізіліп, 53 трансформатор – 53 орнатылды. ХҚТУ, Яссы, Шауғар тұрғын алқабын электрмен жабдықтау құрылысы (трансформатор – 15 дана, абонент саны –1 242) және Түркістан қаласының Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Абенов, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тыныштықұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілері тартылды. Жалпы 45 дана трансформатор орнатылып, 5 822 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.
2023 жылы Шауғар секторында 2 ойын алаңшасы салынып тұрғындарға пайдалануға берілген.
Шауғар тұрғын алабында 177 көшенің 7 көшесіне — асфальт, 24 көшесіне тас төселді. 14,6 шақырым құрайтын 13 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. 83,4 шақырым құрайтын 49 көше жарықтандырылды.
Тұрғындардың өтініші бойынша №5 қоғамдық көліктің бағыты өзгеріп, Н.Төреқұлов көшесі 3-ші тұйық көшесімен жүре бастады.
Атқарылған тірліктерге бағасын берген көпшілік күрмеулі мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы өз кезегінде қоғам белсенділерінің еңбегіне ерекше ризашылығын жеткізді.
— Бөліп жаратын ештеңе жоқ. Қаладағы құбылыстарға әр біріміз үлкен жауапкершілікпен және жанашырлықпен қарасақ, бірлігімізге сай тірлігіміз де ілгерілейді, — деп сөзін түйіндеді.
Жалпы, жыл басынан бері Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала халқымен түрлі деңгейде 96 кездесу өткізді.
Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін шаһар басшысы секторлардағы кезекті кездесуін бастады.
Отырар секторында жыл басынан бері 159 мәселе көтеріліп, оның 137 орындалды, 9 мәселенің жұмыстары осы жылы толық аяқталады, 13 мәселе бойынша заңдылығы түсіндірілді.
Бүгінгі таңда:
Отырар секторында 13 трансформатор ауыстырылып, осы жылдың соңына дейін 15 дана трансформатор ауыстыру жоспарлануда.
Отырар м/а (Шнос) көпқабатты 36 үйдің табиғи газбен қамтылуы бойынша 2 160 пәтерге газ трубасы тартылып, газ плиталары үлестірілуде.
Қ.А.Яссауи даңғылы бойынан және М-32 көшесі аллея мен желілік саябақтары ашылды. Отырар м/а 1-10 үйлер ауласы қайта ретке келтіріліп, балалар ойын алаңшалары жаңартылды, 1-10 үйлер күрделі жөндеуден өтті.
Тазалық бойынша Отырар т/а ИП «Taza-Like» жұмысқа тартылып, қазіргі таңда 70 көшенің тазалығын қамтамасыз етуде.
12 көше қайта қалпына келтірілді.
11 аялдама орнатылды (Қ.А.Яссауи даңғылы, Жаңа қала 9 — 11 көше, Б.Саттарханов көшелері).
2023 жылы 788 отбасыға пәтер кілті табысталып, 2024 жылға 1 200 пәтер кілттерін үлестіру жоспарлануда.
Отырар секторында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде асфальттанған көше саны – 85-ке жетті. 28 көшеге тас төселіп, жарықтандырылған көше саны 113-ні құрады. 85 көшеде аяқжол және жаңа аялдамалардың саны – 44 данаға жетті.
Ауыз су, кәріз жүйелері және электр жарығымен 113 көше толығымен қамтылған.
Жеке тұрғын үй саны 5 320, оның 4 962 тұрғын үйлері табиғи газбен қамтылған.
Көп қабатты тұрғын үй саны — 158, 9 763 пәтер, оның 4 307 пәтері орталық жылумен қамтылса, 5 456 пәтер табиғи газ жүйесіне қосылған.
Тұрғындар көтерген кей мәселелердің қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл бойынша сектор тарапынан тұрақты түрде түсіндіру шаралары жалғасады.
Қала әкімі кездесу барысында қоғамдық бақылаудың маңызы туралы тағы атап өтті:
— Қаладағы игі істер — баршамыздың ортақ жетістігіміз. Сол секілді, кемшіліктер мен олқылықтар да — бәрімізге ортақ. Мен үнемі қоғамдық бақылау — яғни жұмыстардың атқарылуына жергілікті тұрғындар тарапынан ерікті қадағалау болуы қажеттігін айтып келемін. Сіздер бізге көмекші болыңыздар, — деп, белсенді азаматтарға алғысын жеткізді.