Түркістанда Халықаралық бал биі фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресейден келген өнерпаздар бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздары 6 санат бойынша анықталды. Әсемдік, сымбаттылық, батылдық және қатысушылардың киімі де төрешілердің жіті назарында болды.
Аталған фестиваль биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс ұйымдастырушылары байқауды жыл сайын дәстүрге айналдыруды жоспарлауда. Бал жеңімпаздарын төрешілер алдағы уақытта жариялайтын болады.