ШАРДАРА: РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАРДАРА: РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

03.11.2023
Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шардара ауданында 25-қазан Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиын басында ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалды. Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров қатысып, тұрғындары мен қонақтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.
—Сіздерді 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні Жоғарғы Кеңестің Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдаған күні, яғни 1990 жылғы 25 қазан күнімен байланысты. Бұл Декларацияның айрықша рөлі – Қазақстан алғаш рет өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрлері, сондай-ақ болашағының пайымдауы бар бірегей аумақтық субъект ретінде жариялануында болып отыр.
2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс» – атап өткен болатын.
2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде бүкіл халықпен аталып, қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.
Саяси үдерістер мен жаңа кезеңге бет алған Қазақстанның келешегі ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Құрметті жерлестер! Республика күні келешекке бағыт алған Жаңа Қазақстан үшін маңызды күн. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз.- деді Н.Нартайұлы.
Құттықтау сөзден соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің атыган мерекелік Алғыс хаттар табыстады.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, мерекелік жиынның көркін қыздырды.
Мереке күні Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.
Ту көтеру шарасына Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, қала әкімі О.Айдосов және ардагер ақсақалдар мен аудан тұрғындары қатысты.
Шарада Н.Сапаров сөз сөйледі:
«25-қазан Республика күні құтты болсын. Еліміздің болашағы жарқын, керегесі бекем болғай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», – деп атап көрсетті.
Әлемдік тарих толқынында өзін Тәуелсіз Ел ретінде орнықтырғаннан бергі уақытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің озық елдерінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мол.Мерейлі мереке сәтінде сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кемел келешек жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.» — деді.
Мерекеде өнерпаздар әсем әуеннен шашу шашып, патриоттық әндер орындады.
ЕГЕМЕНДІККЕ ЖОЛ САЛҒАН КҮН
Шардаралықты аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мерекелірмен құттықтады:
«Құрметті шардаралықтар! Баршаңызды тәуелсіз еліміздің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», – деп атап көрсетті.
Әлемдік тарих толқынында өзін Тәуелсіз Ел ретінде орнықтырғаннан бергі уақытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің озық елдерінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мол.
Қоғамдық келісім мен бірлік еліміздің қарқынды дамуына, сол арқылы халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Шардара ауданында да атқарылған ауқымды істер мен жүзеге асырылған жобалар баршылық. Оларда әрбір азаматтың еселі еңбегі, лайықты үлесі бар.
Мерейлі мереке сәтінде сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кемел келешек жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.
Мемлекетіміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 400-ГЕ ТАРТА ШАҢЫРАҚҚА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.