АРЫСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АРЫСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

03.11.2023
Жаңалықтар
0
АРЫСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Республика күніне орай, Арыс қаласында орналасқан Тәуелсіздік стелласында Ту көтеру рәсімі өтті.
Рухты оятып, жігерді жанитын Әнұран шырқалған шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен ардагерлері, мәслихат депутаттары, әскери қызметшілер мен әкімдіктегі дербес бөлім жетекшілері және қала тұрғындары қатысты.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім екенін атап өтті.
Бүгінде қаламыздағы ең мәртебелі нысан саналатын Тәуелсіздік стелласы 2015 жылы салынған. Биіктігі – 30 метрді құрайтын тутұғырда ені – 9, ал биіктігі – 4,5 метр болатын көк Туымыз желбіреп тұр.
Арыстықтарға қала әкімі меркелік құттықтау жолдады.
Арыста қалалық Мәдениет үйінде Республика күніне орай мерекелік шара өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және қала прокурорвы Талғат Сейдуалиев, ардагерлер ұйымының өкілдері және қала тұрғындары мен жастары қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі 1990 жылдың 25-ші қазанында – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданғаны, ел Тәуелсіздігі жолындағы теңдессіз құндылық екенін атап өтті.
«Сондықтан да, бұл күн – мемлекеттік маңызы зор мереке болғандықтан, біз осындай тамаша кештің куәсі болып отырмыз. Сондай-ақ, бұл күн еңбек майталмандары марапат алып, құрмет-қошеметке бөленетін кез. Олай болса, мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымызды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттық ала келсін», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Айта кетейік, шара аясында Арыс қаласының дамуына елеулі үлес қосқан қарапайым жұмысшыдан бастап, лауазымды қызметкерге дейін марапатқа ие болып, құрмет-қошеметке бөленді.
Жиын соңы Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Сонымен бірге, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова
«ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ — РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қадірлі ағайын! Құрметті жерлестер! Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды. Еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Өткенге көз жүгіртсек, егемендік алғаннан бері экономикамыздың нығайып, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарғанын аңғарамыз. Еліміздің тұрақты дамуына арыстықтар да зор үлес қосуда.
Өңірімізде ауыл шаруашылығы саласы дамып, өндіріс орындары, оның ішінде жеке инвесторлар есебінен тың инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Шағын және орта бизнес, халықты әлеуметтік қорғау салаларында көптеген жетістік бар. Татулық пен жасампаз еңбектің арқасында қала мен ауылдарда жаңа шағын аудандар, мектеп, балабақша, спорт кешендері және мәдениет үйлері бой көтерді. Жолдар мен электр желілері, ауыз су құбырлары жаңартылып жатыр. Осының бәрі – Арыс бойын жайлаған жайсаң жандардың тынымсыз еңбегінің жемісі деп санаймын.
Тағы бір жағымды жаңалық. Республика күніне орай облыс орталығында өткен салтанатты шарада арыстық екі жерлесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл ұзақ жылдар бойы қаламыздың өркендеуі жолында еткен еңбектерінің лайықты бағалануы деп білемін.
Құрметті қауым!
Олай болса, мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымызды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттығын ала келсін.
Мереке құтты болып, Туымыз биікте желбірей берсін!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БӘЙДІБЕК: МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ 55-ШІ МАУСЫМЫН ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН АШТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.