Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітап саяхаты-2023» акциясы өтті.
Аталмыш шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және ауданның зиялы қауым өкілдері, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Ғалымжан Зябеков , Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Феруза Еспембетова, руханияттың шырақшылары болған кітапханашыларға ізгі тілектерін арнады.
Акцияда іс-шараның мақсатын айқындайтын кітап көрмелері жасақталып, кітап акциясы аясында «Фараб» кітапханасына 500 кітап сыйға табысталды. Республика мен облыстық байқаулардың жүлдегері, режиссер Перизат Баймаханованың жетекшілігімен Ордабасы аудандық «Темірлан» халық театры және жасөспірімдер театрының «Көңілді көбелектер» қойылымы сахналанды. Аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, ақын Жүрсінбек Батырәлімен «Өлкемді өлеңмен тербеткен жас қыран» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.