Түркістан қаласына биыл 348,9 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд. теңгеге жетті. Бүгін бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.
— Шаһарда 2023 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 222,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 15%-ға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылы өнеркәсіп саласында қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өсім 4,3%-ды құраған. Ал өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгеге жеткен, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Облыс орталығының өзіндік кіріс көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15,1 млрд.теңге болса, 2023 жылға 19,4 млрд.теңге болып нақтыланып, былтырғы көрсеткіштен 28,5 пайызға артты.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 222,7 млрд.теңгеге жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15%-ға өсті.
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7% өсті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,5 %-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгенi құрап, өсім 25,6 пайызға, сумен жабдықтау 1,2 млрд. теңгенi құрап, 7,6% пайызға артты.
2023 жылға инвестиция көлемі 348,9 млрд.теңгеге (бюджет есебінен 102,0 млрд.теңге, жеке инвестиция 246,9 млрд.теңге) жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд.теңгеге орындалды (бюджет есебінен 91,2 млрд.теңге, жеке инвестиция 154,6 млрд.теңге).
Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 220 мыңнан асты. Қаладағы кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 762 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Ашық әкімдік жобасы бойынша:
Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.
Түркістан қаласында Халықтық кеңсе 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жұмыс істеуде. 2023 жылдың 9 айында жалпы қызмет алған адамдар саны – 52 163 (Оның ішінде 6 200 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілген. 38 994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер.
Бұған қоса қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. 9 айдың қорытындысымен Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 3 566 өтініш қабылданған. ИИС ЦОН арқылы — 3 403 қызмет көрсетілген.).
«1310» Бірыңғай байланыс орталығы шұғыл әрекет ету мақсатында шілде айынан бері тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. Бүгінге дейін 4 251 қоңырау түсіп, мәселелердің 98,4 пайызы дер кезінде шешімін тапты.
Тұрғындармен кездесу:
Жыл басынан бері қала әкімі 6 секторда тұрғындармен 96 рет кездесіп, өтініштерін тыңдады. Алғашқы басқосулар ауа райына байланысты жабық мекемелерде өткенімен, кейінгі кездесулер өзекті мәселелер бойынша ашық алаңда көше тұрғындарымен ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 9 айда 925 мәселе көтеріліп, оның 873-і орындалды. Өзге мәселелер қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды.
Қала басшысы қаңтар-қыркүйек айларында 158 азаматты жеке мәселелерімен қабылдады, қабылдау қорытындысымен 196 тапсырма беріліп, орындалды.
Түркістан қаласында 6 мыңға жуық пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айтты.
– Биыл жалпы 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ал 9 айда 294 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2023 жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 59 үйді халық игілігіне беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 46 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек, жаңадан салынатын 800 пәтерлі 20 тұрғын үй халық игілігіне 1 шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерді сатып алуға 1,8 млрд теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Бұдан бөлек, 2023 жылдың 9 айында Түркістан қаласында 3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылған. Сондай-ақ, 535 жас түлек -«Жастар практикасымен», 102 жас — алғашқы жұмыс орнымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылған. Ал 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар, 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына қайтарымсыз грант қаражаты берілді.
Түркістан қаласында қазіргі таңда 38 032 абонент, яғни қала тұрғындарының 98%-ы табиғи газды пайдалануда. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлім етті.
Шаһар басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы 845 шақырым жолдың 50%-ға жуығы толық асфальтталған.
— Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға баратын және соларға қосалқы жатқан жалпы 42 шақырымдық 43 көшеге аяқжол төселді. Қазіргі таңда қала аумағында 224 аялдама қолданыста бар. Биыл қосымша 120 аялдаманы орнату қолға алынып, қазіргі таңда 50-нің жұмысы толық аяқталды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға 119 жаңа автобус алынған. Жыл соңына дейін қосымша 28 автобус алынып, жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 78%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, биыл 700-ге жуық көшеге жарықтандыру жүйелері орнатылатын болады, — деді қала әкімі.
Айта кетерлігі, Түркістан қаласындағы 42 240 абоненттің 98,9%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал электр қуатымен қамту деңгейі жыл соңына дейін 84,9%-дан 98,5% жеткізу жоспарланған.
Өткен жылы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шқ. (37,4 %) құраған болатын.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен 845 шқ құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шқ құрайтын жолдары бар.
2021 жылы 4 нысанның құрылысы басталған болатын.
Олар: Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі.
Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданының тұрғындары темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
2022 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 77 шақырымды құрайтын 69 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланып, қазіргі таңда нақты 50,3 шқ құрайтын 47 көшесінде жүзеге асты.
2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланып, жұмыстары толық аяқталды.
Түркістанда қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар («Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағыт, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағыт). Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктердің 144 данасы — сыйымдылығы жоғары автобустар және 76 данасы — шағын автобустар.
Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 119 автобус (оның ішінде, 2022 жылы — 28) алынды. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.
Қала аумағында жалпы 224 аялдама қолданыста. Биыл қосымша 120 аялдама нысандарын орнату қолға алынды. Соңын 50 аялдамасы толық орнатылып бітті.
2023 жылы қаламызда 184 көшеге жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтанған көшелер қатары 723-ке жетті. Бұл қаладағы барлық көшенің 82,8 пайызы.