ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

20.10.2023
Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді.

Осы орайда, Түлкібас ауданында балық шаруашылығына қызығушылар қатары артып келеді.

Бұлай дейтінініміз биылдың өзінде аудан аумағындағы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар қатарына екі нысан қосылмақ.
Соның бірі ЖК «Эко Балық». Кәсіпкер Байжанов Хашымбек Балықты ауылының шетіндегі өз жерінің 3 га аумағына екі жасанды тоғанды қазып қойған. Қазан айының орта тұсында Жамбыл облысынан 60 мың дана карп, сазан, ақ амур балықтарының шабақтарын алып, көлге жіберуді жоспарлап отыр.
Аталған кәсіпкермен көл басында кездескен Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан әкімдігі тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдаулар болатындығын жеткізіп, кәсіпкердің өтінішіне сәйкес жердің қажетті құжаттарын толық рәсімдеуге және мемлекеттен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде кәсібін ұлғайтуға жеңілдетілген пайызбен несие алып беруге көмек берілетінін атап өтті.
Содан соң аудан басшысы дәл осындай кәсіпті Састөбе кентіндегі көлде дөнгелетуге бел буған кәсіпкер Парманов Мұратпен нысан басында кездесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Састөбе кентіндегі көлді жалға алып, оған 150 мың дана сазан, карп балығының шабақтарын жіберуді көздеп отырған кәсіпкер қазіргі таңда Заң талаптарына сай көл аумағын қоршап, ішін тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысы мемлекеттік нысанды жалға алып отырған кәсіпкерге көлдің айналасын көгалдандырып, жергілікті тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасауды міндеттеді.
Келесі кезекте Нұржан Жақсылықұлы Машат ауылындағы «Жеті үй» шаруа қожалығының көліне табан тіреп, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Осыдан екі жыл бұрын үй маңынан жасанды тоған жасап, оғын 16 мың дана сазан, карп, ақ амур, дөнмаңдай балығының шабағын жіберген Дос Ахатаев есімді кәсіпкер келер жылы алғашқы өнімін сауда қатарларына шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер көл аумағын абаттандырып, ол жерден «сақ» моншасы мен киіз үйлер тігіп, демалыс орның ашуды жоспарлауда.
Аудан әкімі кәсіпкердің жұмысын оң бағалап, ісіне сәттілік тіледі. Және кәсіпкердің өтінішіне сәйкес көл маңынан өтіп жатқан Машат өзенінің жағасын бекітіп беруге тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік нысанындар саны 14 жетіп отыр. Оларда бекіре, фарель, сазан, карп, дөнмаңдай, ақ амур балығының түрлері өсірілуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жедел жәрдем қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МИНИСТР ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.