«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САН ТАҒДЫРҒА КУӘ — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САН ТАҒДЫРҒА КУӘ

20.10.2023
Жаңалықтар
0
«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САН ТАҒДЫРҒА КУӘ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.
«Жедел жәрдем» қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Дер кезінде көрсетілген көмек арқылы көп адамның дәм тұзы таусылмай, ғұмырлар жалғасып жатады. Өмір болғаннан кейін адам баласының басына төнетін қауіптің түр түрі болады. Соның бірі- аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Жүйткіп, бір бірімен жарыса озып жатқан көліктер қақтығыстарында, күнделікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, әйтеуір әр жерде түрлі сипатта, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылып жатады. Міне, сондай сәтте жаныңнан табылатын дәрігер білігіне көп дүние байланысты. Ауруханаға жеткізілместен бұрын жасалған алғашқы көмектен бастап, жолда, көлік үстінде, одан ауруханаға апарған кездегі жәрдемнің адам өмірі үшін аса маңызға ие екені айтпаса да түсінікті.
Үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты, бастысы жылдамдықты, біліктілікті талап ететін бұл сала қызметкерлерін «жүректі жандар» деп білеміз. Қанды қақтығыста да, ажалмен арпалысқа түсіп жатқан сәтке де, баз біреудің қисынды қисынсыз мінезіне де, ауыр айтылған сөз бен пікірге де, жүкті әйелдердің өміріне де, кіп кішкентай нәрестелер мен балалардың ыңылдауына да төтеп беретін нағыз батылдыққа ие жандар. Еңбегі еленуге лайық мамандардың тынымсыз тіршілігін көріп, еңбек өтіліндегі ең қиын шақтарын әңгіме етіп, газет бетіне жариялау мақсатында арнайы Түлкібас аудандық жедел жәрдем станциясына бардық.
— Біздің мекемеде 124 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 9-дәрігер, 79-ы фельдшер, 34-і жүргізуші, 2-і тазалықшы. Аудан бойынша жалпы 8 бригада жұмыс жасайды. Оның 2-еуі дәрігерлік бригада, 6-ауы фельдшерлік бригада, оның 3 бригада Т.Рысқұлов ауылында, 2 бригада Түлкібас кентінде,2 бригада Састөбе кентінде, 1 бригада Балықты ауылында ара қашықтықты азайту үшін орналасқан. Жалпы күн сайын 24 қызметкер жұмысқа түседі. Жұмыс режимі 24 сағатқа толықтырылған. Таңғы 8:00-ден келесі күні8:00-ге дейінгі аралықты қамтиды. Талап пен тәртіп қатаң. Өйткені, әр адамның денсаулығына жауапты мекеме болғандықтан бізге шапшаңдық пен біліктілік аса қажет. Қызметкерлер қай уақыт болмасын өзінің жауапкершілігін жақсы меңгерген. Келіп түскен қоңырауды қабылдап, мекен жайға жеткенше асығады. Осыдан-ақ мен қызметкерлердің өз ісіне берілгендігін, үлкен жауапкершілігін түсінемін. Алғашқы көмекті көрсету біздің құзіреттілігіміз болғаннан кейін түрлі жағдайларға кезігіп жатамыз. Бәрін түсініп, ой елегінен өткізіп, тұрғындардың ашуын да, ызасын да қабылдаймыз. Амалымыз жоқ. Ашынып тұрған адам не демейді, ашуын бізден алып жататындарды да кешіреміз. Біз үшін бастысы науқасты қабылдап, ауруханаға жеткізу. Басқасы, маңызды емес. Осыны мен қызметкерлерден де талап етемін. Барлық жұмыс ойдағыдай атқарылып келеді. Наразылық, арыз-шағым жоқ. Жұмыс жоспармен жалғаса береді,- дейді Түлкібас аудандық жедел-жәрдем бөлімінің басшысы Ғалым Ғалбият.
Осы тақырыпты көтермес бұрын біз әлеу желіге «Жедел жәрдем» жедел көмек көрсете алады ма?» деген тақырыпта опрос тастаған болатынбыз. Оқырмандар осы тақырып аясында өз ойларын жұмыс нөміріне хабарласып та, опростың астына пікір қалдырып та білдірді. Бірі кешігіп келеді деп наразылығын білдірсе, енді бірі уақытылы жетіп, жаныма жалау болды деп алғыстарын білдірді. Редакциямызға келіп түскен бірнеше хаттардан үзінді жариялағанды жөн санадым.
Көксағыз елді мекенінің тұрғыны Абилова Нұрхат ханым 4 баланың анасы. Таңнан кеш батқанға дейін орталыққа келіп, жұмыс жасайды. Үйінде енесі мен атасы бала шағаға бас көз болып қалады екен. Бірде жұмыстан үйіне барса, үшінші ұлын ара шағып алғанын біледі. Аса мән бермеген анасы уақыт өте баласының ыстығы көтеріліп, кері әсер беріп жатқандығын байқайды. Баласының өміріне алаңдаған ол дереу 103-ті теріп, жедел жәрдемнен көмек сұрауға асығады. Бірақ, ол нөмірмен сөйлесу түгілі, байланысу мүмкін болмаған. Уақыт өтіп барады. Баласы жылап, ентігіп, ауа жетпей қысылады. Содан абдыраған Нұрхат жергілікті ауылдық медбикеге хабарласып, жағдаятты түсіндіреді. Ол медбике жедел жәрдемге хабарласып, аталған мекен жайға жетуін сұрайды. «Жедел жәрдем» көлігі жүйткіп 40 минут өткеннен кейін аталған мекен жайға жетеді. Балаға аллергияға қарсы дәрі егіп, үйге қалдыруға болмайтынын айтып, аудандық орталық ауруханасына алып келеді. Хаттың соңында «Неліктен біз қажет кезде қоңырауды соға алмаймыз? Сонда ауылдық медбикеге хабарласпасақ не болар еді? Неге салғырттық танытады?» деп уәжін білдірген.
Кезекті бір хатта Шақпақ баба ауылының тұрғыны өзінің жолда дәл осы жедел жәрдем көлігінде босанғанын айтып, таңдандырды.
«Жеке өзім «жедел жәрдем» қызметіне алғысымды айтқым келеді. Расымен де олардың еңбегі үлкен жауапкершілікке негізделген. Мен 2019 жылы 4-ші ұлымды өмірге әкелдім. Перзентханада емес дәл осы жедел жәрдем көлігінде. Келін болған соң, ана болған соң, толғағымыз келіп тұрса да, шіркін, тірлігімізді істеп, байыппен қарап жүре береміз ғой. Бір апта алдын барып, перзентханаға жатып, күтіну деген қазақ әйелдеріне жат сияқты ма, әлде, бізге ондай дүние артық па, әйтеуір, күйбең тіршілікпен таңды атырамыз, күнді батырамыз. Әдеттегі күндердің бірі. Таң атқаннан ішім ауырып, мазасыздана бердім. Жексенбі күн екенін әлі ұмытпаймын. Монша жағып, балаларды суға түсіріп, ет асып, нан жайып, қырдағы сиырларымызды жайғап, ауырсынғанымыздыда елемеппін. Жанымызға батып тұрса да, «Қазір перзентханаға кетіп қаламын ғой, мынаның бәрі жайрап қалады, бітіріп кетейін, бәрібір өзім істейтін тірлік қой» деген ой басым болды ма, білмеймін. Содан кеш батар уақытта «Жедел жәрдемді» шақырдым. 10 минуттан аса келді. Дайынмын. Сөмкемді алып, жаным қиналып, фельдшердің көмектесуімен зорға көлікке отырдым. Жолдасым ол кезде Атырау қаласына 15 күндік жұмысқа кеткен болатын. Шын толғақ қысып, жаныма батып жатса да, шыдауға тырыстым. Бірақ, өзімнің жауапсыздығымнан ба, аса сабырлылығымнан ба, жолда босануыма тура келді. Қажетті жерге жетпей босанатынымды айтып, фельдшерді көмекке шақырдым. Ол да жас жігіт екен, абдырап, көзі алақ-жұлақ етіп, басында қорқақтағанын жасыра алмады. Кейіннен маған көмектесіп, менімен бірге толғатып, белімді уқалап, массаждарын жасап, босандырды. Өмірге адам келуіне, менің нәрестемді аман есен қолыма алуыма себепкер болғанына өзі сенбей, жылап, ішкі эмоциясын жасыра алмады. Оған қосылып мен жылап, кино болғанбыз. Міне, ерлік деген осы болар. Өзімізге өзіміз жанымыз ашымай, денсаулығымызға салғырт қарап, кейін жаман нәтиже болып жатса, кінәні біреуге арта салуға құмармыз ғой. Кейін жолдасыма айтсам маған ұрсып, «Сол жігіт болмағанда, не істер едің. Тірлігі құрысын. Толғағың жиілеген кезде үйден шығып бара бермейсің ба? Бір нәрсе болса кім жауапты болар еді» деп сөйлегені әлі есімде. Өкініштісі, ол фельдшердің атын да, жөнін де сұрамаппын. Егер сіз сол мекемеге барып жатсаңыз, осы оқиғаны айтып, әлгі жігітті анықтап, менің тағы бір шексіз алғысымды жеткізгейсіз. Еңбегі еленіп, бағы еселене берсін. Ол жігіт бүгінгінің батыры»,- деп хат қалдырыпты Шырай есімді келіншек.
А.МӘМЕТ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОМЫРТҚАҒА КӘСІБИ КҮТІМ ЖАСАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жедел жәрдем қызметі

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.