«МЫҢЖЫЛҚЫ» МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 17 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

«МЫҢЖЫЛҚЫ» МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

05.11.2023
Мәдениет
0
«МЫҢЖЫЛҚЫ» МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты концертік шара өтті.
Кеш шымылдығы «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің орындауындағы «Ыңғай төк» күйімен бастау алды. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов ашып беріп, жиналған жұртшылықты Түркістан облысының 5 жылдығымен және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының ұжымын 60 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.
— Бүгін міне, тарихы сонау көне ғасырдан сыр шертіп, алуан мәдениет пен руханияттың нәрлі ошағына айналған Теріскей өңірінде Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалғалы отыр. Түркістан облысының 5 жылдығына және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармонияның 60 жылдық мерекесіне орай өткізіліп отырған «Менің Қазақстаным!» атты концерт Созақ жұртшылығына айрықша көңіл-күй сыйлайды деген сенімдемін. Бүгінгі таңда ұлттық өнеріміз бен құндылығымызды, мәдениетімізді насихаттауда филармония ұжымы елеулі еңбек етіп келеді. Ән-күй арқылы әдет ғұрыпты, салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жүрген сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнерде табысты болуларыңызға тілектеспін,-деген аудан әкімінің орынбасары қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған филармония ұжымына аудан әкімінің арнайы құттықтау хатын табыс етті.
Концерт барысында филармония әншілері дарынды композитордың халық жүрегінен орын алған таңдаулы шығармаларын оркестрдің және ВИА-ның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады. Оған қоса, көпшілікке туындылардың шығу тарихы таныстырылды.
Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде қазақ даласына 300-ге тарта ән қалдырған. Әрбір туындысы жүрек төрінде жатталған өнер иесінің әндері аталмыш концертте жаңаша сипат алды. Филармония ұжымы Шәмші әндерін нақышына келтіре орындап, шараға жиналған тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көптің ықыласына бөленді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДІН САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ФУТБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СОЗАҚТА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.