ҚР-НЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.ӘБДІРОВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — Төрттаған
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР-НЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.ӘБДІРОВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

20.10.2023
Жаңалықтар
0
ҚР-НЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.ӘБДІРОВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 қарашасына еліміз бойынша пилоттық режимде 45 аудандар мен қала әкімдерінің сайлауы тағайындалған. Оның ішінде Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауы да бар.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудан әкімінің сайлауын өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітіп, қазіргі таңда тіркелген кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Саяси науқанға байланысты бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, ауданның аудан әкімі сайлауына дайындығын пысықтады.
Ең алдымен төраға ауданымыздағы бірнеше учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысып, аудандық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне семинар-тренинг өтті. Мұнан соң аудандық жастар орталығының үлкен залында аудан тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарымыздың аудан әкімін сайлауы туралы ұсыныс-пікрлерін тыңдады. Сондай-ақ, алдағы сайлауға дайындық және оны өткізу туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов сөз сөйледі.
«Біздің келгендегі мақсат та өңірлерде, аудандардағы пилоттық режимде өтетін аудан әкімінің сайлауына дайындық мәселесін, сайлау учаскелерінің жарақтандырылуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктіліктерін арттыру, қорыта айтқанда сайлауға дайындық мәселесін одан әрі пысықтай түсу, сайлау өткізу барысында заңдылықтардың қатаң сақталуын мүлтіксіз қамтамасыз ету» — деді, Нұрлан Мәжитұлы.
ҚР ОСК төрағасы іс-сапары барысында аудандық кітапханада жастармен кездесті. Ол жастарымызға елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін, қоғамдық өмірден тыс қалмау, яғни «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет» деген қағиданы ұстану қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, аудан жастарын алдағы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.
Іс-сапарының соңында Нұрлан Мәжитұлы 2023 жылдың 5 қарашасына тағайындалған Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кең көлемде ашық кеңес өткізіп, ауданымыздың сайлауға дайындығын қорытындылады.
Жиын барысында сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, сайлаушылар тізімдерімен жұмыстың жүргізілуі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, сайлауды өткізу барысында заңдылықтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Айтболат Досаев, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Есімжан Надиров, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаевтар сөз сөйледі.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 62 сайлау учаскесі, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бар. Оларда жалпы 409 сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейді. Аудан бойынша 70 648 сайлау құқығына ие азаматтарымыз бар.
Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, тактилді жолақтармен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, сурдо-тифло аудармашы 9, тасымалдау қызметімен 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилерімен сайлау учаскелері қамтамасыз етілетін болады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МИНИСТР ЖЕТІСАЙҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУБСИДИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
196
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
156
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.