ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАЛТАКӨЛ ЖӘНЕ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАЛТАКӨЛ ЖӘНЕ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20.10.2023
Жаңалықтар
0
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАЛТАКӨЛ ЖӘНЕ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Балтакөл және Маяқұм ауыл округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Алдымен Балтакөл ауылындағы «Досжан ата» тары өңдеу цехының жұмысымен танысқан аудан басшысы ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзіне айналған кәсіпті дамыту жайын талқылады.
Ауылдағы тары өңдеу кәсібінің қыр-сырын меңгерген Ерасыл Жүребек үй жағдайында тары өңдеп, нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп келеді. Тәулігіне 2 тоннаға жуық тары өңдейтін кәсіпкерлік нысанда жергілікті 10 азамат жұмыс істейді. Кәсіпкер өз кәсібін жандандыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Ырыс» МҚҰ-нан 20 млн теңге қаржы алып, цех ғимаратын одан әрі кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, тарыдан қалдықтарын құрама жем ретінде пайдаланып, мал бордақылауды жандандыруда.
Жас та болса алдына мақсат қойып, табысқа жетіп отырған жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеген аудан әкімі кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Аралау барысында ауылдағы өзге де тары өңдеумен айналысатын кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Сұлтан Бекетов, Жексенбек Досжановтардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ үйіргелік жерден мол өнім алып, жинаған өнімдерін жергілікті азаматтар мен Түркістан нарығына шығарып табыс тауып отырған азаматтың бірі балтакөлдік Әлібек Алтаев. Ол 50 соттық үйіргелік жеріне қияр егіп, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Үй ауласына құдық қазып, тамшылатып суару әдісін қолданған кәсіпкер өнім жинау барысында ауыл азаматтарын жұмысқа тартуда. Мұнан бөлек «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп бастаған азаматтар да аз емес. Балтакөлдік ағайынның еңбекқорлығына сүйсінген аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініштерін тыңдап, өзге де азаматтарды «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңа кәсіп ашуға шақырды. Ауылдың күнделікті тыныс-тіршілігі үшін аса қажетті наубайхана ашу, балық өсіру сынды өзге де кәсіп түрлерін ашу туралы ұсынысын айтып, осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
Одан әрі маяқұмдықтармен кездескен аудан әкімі ауыл азаматтарының туған жерді түлетудегі өнегелі ісіне куә болды. 1977 жылы туылған азаматтар 30 жылдық кездесуі аясында ауыл орталығына биіктігі 30 метр болатын тутұғыр орнатып беруде. Мемлекеттік Рәміздерімізді ұлықтау мақсатындағы игі іске атсалысқан жандарға алғысын айтқан аудан басшысы ауылдан еліміздің жалауын биікке көтеретін азаматтардың шығуына тілектестігін жеткізді. Маяқұмдықтармен кездесу барысында Әбу Насыр әл Фарабидің туған жері «Оқсыз қалажұртына» келетін туристерге қолайлы жағдай жасау, ішкі көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, жауапты сала басшыларына заң аясында тиісті жұмыстарды атқару жүктелді.
Сапар барысында қос ауыл округіндегі мектеп, балабақша ғимараттарының қысқы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШАРДАРАДА 250 АДАМ КӘСІПКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.