ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА — Төрттаған
Пятница, 24 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

19.10.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 5 қазанында өткен педагогтердың республикалық съезінде елді мекендерді, оның ішінде, ауыл-аймақтағы білім ошақтарын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Осы орайда, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасы аясында аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов пен Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан интернет мәселесін бақылау мақсатында Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі, Аққұм елді мекеніне барды.
Аққұм елді мекеніне қазан айында «Кселл» АҚ тарапынан 4G стандартын қолдайтын базалық станция орнатылды. Мобильді интернет желісінің жылдамдығы 21 Мбит/с құрайды. Сонымен қатар Аққұм бастауыш мемлекеттік мектебі «Транстелеком» АҚ тарапынан 10 Мбит/с жылдамдықты интернет желісімен қамтылған болатын. Қазіргі уақытта Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқарманың бастамасымен Аққұм мектебі «Транстелеком» АҚ-ның радиокөпір технологиясы арқылы жылдамдығы 20 Мбит/с құрайтын интернет желісімен қамтылды.
Мектепте интернет мәселесі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2025 жылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту жоспары есебінен толығымен шешіледі.
Аппарат басшысы мектеп ұжымымен кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Жұмыс барысына кедергі келтіретін жайттарды дер кезінде хабарлап, мәселені шешуге бірлесе жұмыс атқаратынын тілге тиек етті.
– Аққұм ауылына базалық станция қойылып, мектептерге толық интернет кіргізілді. Қазіргі уақытта мұғалімдердің электронды құжаттарды толтыруға толық мүмкіндіктері бар. Көрші ауылдардағы интернет желісі жөнінде де мәселе көтеріп отырсыздар. Бұл бойынша қазір тапсырма берілді, техникалық жағдайына қарап, мүмкіндігінше мәселені жылдам шешуге атсалысамыз, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
Президенттің білім беру жүйесін сапалы, әрі ауқымды цифрлық трансформациялау тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылмақ. Осы ретте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов интернет мүмкіндігін тиімді пайдаланып, оқушылардың білімін арттыруға онлайн байланыс арқылы облыстағы білікті ұстаздарды тартуды ұсынды. Аппарат басшысы ұсынысты қолдап, байланыс операторларының басшыларына да ұсыныстар берді. «Аққұм» жалпы орта мектебінде «Транстелеком» АҚ қаражаты есебінен пилоттық жоба ретінде мектеп ішіндегі жергілікті желілерді ұйымдастыру жобасы іске асырылады.
Ауданға жұмыс сапары барысында аппарат басшысы ауылдарға оптикалық интернет желісін тартуды қолға алған жеке инвестормен кездесті. Жұмыс барысын бақылап, жұмысты абыроймен аяқтау керек екенін жеткізді. Қазіргі таңда «COMDATA» ЖШС Қазығұрт ауданы елді мекені тұрғындарына электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша заманауи GPON технологиясын қолдана отырып, оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамту жұмыстары жалғасады. Бұдан бөлек, білім ұяларына толық дабыл қағу және бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары да бақылауда болады.
Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ облыс аумағындағы интернет жылдамдығы төмен 84 мектепті және «Транстелеком» АҚ 24 мектепті оптикаға ауыстыру бойынша жұмыстар атқаруда. Осыған сәйкес, интернет жылдамдығы төмен 139 мектептің 52-сі жыл соңына дейін оптикаға ауыстырылмақ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.