ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

06.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда «StarTDrama» театр лабораториясының және Түркістан музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2023» режиссерлік лабораториясы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков арнайы қатысып, сәттілік тіледі.
– Түркістан қаласы шын мәнінде тек қазақтың емес, түркі әлемінің мәдени, рухани ордасына айналып келеді. Облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыста театр саласында да оң өзгерістер орын алуда. 3 кәсіби театрымыз түрлі жетістіктерді бағындыруда. Жақында ғана халықаралық «Көше театрлары» фестивалі өткізілсе, алдағы айда Райымбек Сейтметов ағамыздың 85 жылдығына орай республикалық театр фестивалі өткізіледі. Бүгінгі жоба өңірдің ғана емес, еліміздің театр саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді Әділ Нұржанұлы
Биыл үшінші рет өтіп жатқан «R.D.S» жобасы жас режиссерлер мен драматургтердің шығармашылық байланысын нығайту, олардың заманға сай идеялары мен жаңаша көзқарасын қалыптастыру және қазақ театр саласында жаңа драмалық шығармалар мен драматургтердің артуына себепкер болуды көздейді.
Аталған жобада ресейлік және қазақстандық театр режиссерлері бірлесе қазақстандық жас драматургтердің пьесаларымен жұмыс істейді. Сондай-ақ «R.D.S-2023» аясында Ресейден шақыртылған атақты театр қайраткерлері отандық театр өкілдеріне (режиссер, драматург, актер, менеджер) арнайы оқыту бағдарламасын ұсынбақ.
Жобада ресейлік атақты театр режиссері, «Современник» театрының көркемдік жетекшісі және режиссері, МХАТ мектеп-студиясының профессоры Виктор Рыжаков, драматургия бағыты бойынша белгілі драматург, «Золотая маска» жүлдесінің номинанты Олжас Жанайдаров жетекшілік етеді.
Аталған жобаның авторы – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Түрксой» ұйымының шешімі бойынша «Түркі әлемінің үздік режиссері», Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі, танымал режиссер Фархад Молдағали.
«R.D.S-2023» барысында қазақстандық жас театр қайраткерлерінің: режиссерлер, актерлер, театртанушылар мен театр суретшілерінің, драматургтердің білімін жетілдіру үшін арнайы шеберелік сыныптары, пікір алмасу, талдау-талқылау жұмыстары ұйымдастырылып, бірлескен режиссерлік жоба негізінде жарыққа шыққан қойылымдардың (спектакль эскиздерінің) көрсетілімдері өтеді. Пьесалар бойынша спектакльдердің эскизін Мәскеуден келген жас режиссерлер: Никита Марков, Ксения Отинова, Ильдар Хуснуллин, Иван Кузнецов, Арсель Узак, Александр Чеботарев, Дмитрий Курочкин дайындайды. Ресейлік әріптестермен бірге қазақстандық режиссерлер де эскиздердің қосалқы режиссерлері ретінде қатысады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ Х СПАРТАКИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.