ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЕСЖАН АЙНАБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЕСЖАН АЙНАБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

06.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЕСЖАН АЙНАБЕКОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Отырар ауданының мәдениет сарайында жалынды журналист, жазушы, ақын, жерлесіміз Есжан Айнабековті еске алуға арналған «Отырардың отты перзенті» атты жыр мүшәйрасы өтті.
Аз ғана ғұмырында халықтың жүрегінен орын алған ақынның туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған кеште ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы алғы сөзбен ашып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: «Бүгінгі Отырардың отты перзенттерінің бірі, жалынды журналист, жазушы, ақын Есжан Айнабековтың туғанына 60 жыл толуына орай өткізіліп жатқан шараның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан жасын ғұмыр қысқа ғана өмірінде соңына өшпес із қалдырды. Қасиетті Отырар топырағында туылып, өзінің тума талантының арқасында барша мықтыны мойындатып, әдемі әңгімелері мен көркем шығармаларын халқына мұра етіп қалдырған асыл азаматтың есімі қашанда жадымызда жаңғырып қала беретініні даусыз. Бүгінгі еске алу кешінде асыл азаматтың әдебиетімізге әкелген сара жолын кейінгі жас ұрпаққа өнеге ете отырып, шығармаларын кеңінен насихаттау біздің басты мақсатымыз. Осындай сәтте Есжан Айнабековтың туғанына 60 жыл толуына орай өткізіліп жатқан жас ақындарымызға сәттілік тілей отырып, асыл азаматтың шығармаларымен сусындап, өнер биігінде шарықтай беріңіздер дегім келеді»-деді.
Сондай-ақ ақын Қазыбек Иса адал сертінен айнымас өмірлік досы Есжан Айнабековпен достығы туралы кеңінен әңгімелеп, оның ерекше дарын иесі болғандығы және желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандығы туралы айтып, өз естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында Есжан Айнабековтің «Ескерткіш» әңгімесінің желісі бойынша сахналық қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық мәдениет сарайының өнерпазы Нұрсұлтан Жақсылық ақынның сөзіне жазылған Еркебай Көшербаевтың «Күлімкөздің жүзігі» әнін орындаса, ауыл жастары ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
Есжан Айнабековтің туыстары мен достары сөз кезегін алып, оның жарқын бейнесі мен бірегей болмысы, азаматтығы туралы әңгімелеп өтті.
Жыр мүшәйрасына қазылық еткен қаламгерлердің шешімі бойынша өз туындыларын ұсынған талапкерлер жүлделі орындармен марапатталды.
Қысқа ғана ғұмырында артына өшпес із қалдырған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Есжан Айнабековті еске алуға арналған жыр мүшәйрасының бас жүлдесі Бақдәулет Анарбайға бұйырса, Раушан Мұратова I орын иегері атанды. Сондай-ақ жас ақындар Нұрғали Сердалиев пен Бауыржан Ерман жүлделі ІІ орын тұғырынан көрінсе, Ербол Садыбай, Асқарбек Сапарбай және Гауһар Жүсіпәлиевалар ІІІ орын және арнайы сыйлықтарға ие болды.
Жыр додасына қатысқан өзге де ақындарға «Қазақ үні» газетінің арнайы жүлдесі мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА СПОРТШЫ ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ЕКІ НОМИНАЦИЯМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.