Д.САТЫБАЛДЫ: «БЮДЖЕТТІҢ ӘР ТИЫНЫНЫҢ ЕСЕБІ БАР» — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Д.САТЫБАЛДЫ: «БЮДЖЕТТІҢ ӘР ТИЫНЫНЫҢ ЕСЕБІ БАР»

19.10.2023
Жаңалықтар
0
Д.САТЫБАЛДЫ: «БЮДЖЕТТІҢ ӘР ТИЫНЫНЫҢ ЕСЕБІ БАР»

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет саясатын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

«Енді аса маңызды мәселе — бюджет саясатына тоқталайық. Өткен жылы мен «бюджетті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу арқылы бюджеттік жүйені реформалауды тапсырдым. Бұл міндет бюджеттік процеске қатысушылардың ашықтығын, жауапкершілігі мен дербестігін арттыратын жаңа кодексті қабылдау шеңберінде шешілетін болады. Сонымен қатар, бюджет саясатының тиімділігін одан әрі арттыру үшін үнемі жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді іздеу қажет. Сондықтан, Үкіметке бірнеше министрліктер мен өңірлер шеңберінде пилоттық режимде толық блоктық бюджет жобасын енгізуді тапсырамын», — деп ұсыныс білдірді Мемлекет басшысы.

2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд.теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд.теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 8,3 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 7,2%-ды құрап отыр.
Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары асыра орындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс бюджетінің игерілуі және республикалық бюджет есебінен жобалардың қаржыландырылу барысы қаралды.
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, бірқатар аудан, қалалар есепті кезең жоспарын асыра орындап отырғанымен, кей аудандарда жылдық жоспардың орындалуы төмен. Барлық аудан, қала әкімдеріне түсімдердің әрбір түрі бойынша жоспарын, оның ішінде реттелуші салықтардың ай сайынғы жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілген.
Облыс әкімі кейбір бағытта қаржының игерілмей қалуы салалар жұмысына кері әсерін тигізетінін ескертті. Әкімдерге барлық қаражат толық, сапалы және уақытылы игерілу мақсатында заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Мемлекет тапсырысын орындаушылар арасында отандық өнім өндірушілерге басымдық беруді жүктеді.
– Мен үнемі барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жоспарлануына және уақытылы игерілуіне қатаң талап болатынын ескертіп келемін. Бюджеттің әр тиынның сұрауы, есебі бар. Жоспарлау дұрыс болса, бұлай болмас еді. Бюджет қаржысын бағыттау барысында да жобалардың мерзімі ескерілмей, қаржы игерілмей жатады. Осының бәрін ескеру керек. Бюджет қаржысын сапалы әрі тиімді игеріп, жоспарланған түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жандандару керек,– деді облыс әкімі.
Жиында жыл ішінде бюджетті нақтылау барысында облыстың бюджет көлемін республикалық трансфеттер және өз кірістері есебінен ұлғайту барысы талқыланды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.