КӨРСЕТПЕДІМ, КӨЗІМНІҢ ТАМШЫЛАРЫН… — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Әдебиет

КӨРСЕТПЕДІМ, КӨЗІМНІҢ ТАМШЫЛАРЫН…

05.11.2023
Әдебиет
0
КӨРСЕТПЕДІМ, КӨЗІМНІҢ ТАМШЫЛАРЫН…

READ ALSO

АДАЛДЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Нұрдана-LTD» ЖШС баспасынан еңбек ардагері, Түлкібас ауданы Мыңбай ауылының тұрғыны Рабиға Дербісәлиеваның кітабы басылып шығып, оқырмандарына жол тартты. Аталмыш естелік кітап қарапайым қазақ әйелінің, еңбек ардагерінің, өнер саласы майталманының өнегелі өмір жолдарынан сыр шертеді. Бар жастық шағы соғыстан кейінгі ауыр жылдарда өткен қаршадай қыз — Рабиға Серікбайқызының білімге деген, өнерге деген құштарлығы, отбасына, перзенттеріне деген сүйіспеншілігі, қоршаған ортаға деген жанашырлығы кітапта тартымды берілген.
Қызығынан қиыншылығы мол колхозда еңбек ете жүріп, тағдыр тауқыметімен мүгедек болып туылған балаларын ешкімнен кем қылмай өсіріп — жетілдіріп, Құдай қосқан қосағы Жайшыбекке әрқашан сүйеу болып, осы әулеттің бар ауыртпашылығын нәзік иығымен көтеріп жүрсе де бойында бүршік жарып тұрған өнерін де жасырып қалмай, түрлі ән байқауларында, айтыстарда топ жарып, талай өмір өткелдерінен сүрінбей өтіп, ақындық, әншілік өнерімен ұштастырып жүрген Рабиға апаның қайсарлығына тәнті боласың. Сексен жасқа қадам басып, перзенттерінен тараған қылықтары балдай тәтті немере-шөбере сүйіп отырған абзал ананың алғашқы кітабының тілі жатық, ойы анық, өз оқырмандарын шынайылығымен тарта түсері даусыз. Ескірмейтін естелікке толы кітапты мұқият оқып шыққан оқырманның бұдан ұтпаса – ұтылмайтыны да анық.
Өткен дүйсенбіде Мыңбай ауылының тұрғындары абзал ана, еңбек ардагері Рабиға Дербісәлиеваның «Көрсетпедім, көзімнің тамшыларын…» атты кітабының тұсау кесерінің куәсі болды. Ауылдың Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шараға қатысушылардың қатары мол болғаны бұл елді мекеннің ұйымшылдығын, ауыз біршіліктерінің жоғары дәрежеде екенін аңғартып тұрғандай… Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі ұжымының, жергілікті кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен өткен тұсау — кесер рәсімі Машат ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Бақытжан Байжұманың басқаруында әдеби — сазды концерттік бағдарламаға ұласып, осында жиналған қауымға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Рабиға апаның алғашқы кітабына құтты болсын айтушы замандастары, құда-жекжаттары, нағашы-жиендері, жерлестері өздерінің ізгі тілектерін жеткізіп, бойын кернеген шаттықтан ақ сары жүзі бал- бұл жайнап отырған автордың құшағын ал қызыл гүлдерге толтырып тастады…
Рабиға апаның өнегелі өмір жолдары іс-шара барысында кеңінен айтылып, кітаптың тұсауы қиылды да, сиясы әлі кеуіп үлгермеген кітабы сол мезетте-ақ таратылып жатты. Осылайша, қарапайым ауылда тұрып, ешкімге жалтақтамай естелік кітабын өз қаражатына шығарған сексен жасты иектеп отырған апаның қуанышын бүкіл ауыл тұрғындары бірге бөлісіп, айрықша құрмет көрсетті.
О.КӨМЕКОВ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚОНАҚ АЗ ОТЫРЫП–КӨП СЫНАЙДЫ немесе қонақ жай үйлері табыс көзі ме?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА ШАРДАРАЛЫҚ КІТАП КЕРУЕНІ КЕЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

АДАЛДЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА
Әдебиет

АДАЛДЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА

23.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
Әдебиет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

03.06.2025
3
«Пайым патшалығы» оқырманға жол тартты
Әдебиет

«Пайым патшалығы» оқырманға жол тартты

04.12.2023
8
ТҮРКІСТАН: ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ
Әдебиет

ТҮРКІСТАН: ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

27.11.2023
26
«КІТАП САЯХАТЫ — 2023» СОЗАҚ АУДАНЫ ТҮРКІСТАНДА
Әдебиет

«КІТАП САЯХАТЫ — 2023» СОЗАҚ АУДАНЫ ТҮРКІСТАНДА

25.11.2023
23
ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН
Әдебиет

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН

25.11.2023
13

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.