ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕЛ МЕН КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛУҒА ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕЛ МЕН КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛУҒА ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

16.10.2023
Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕЛ МЕН КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛУҒА ҚОМАҚТЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.
Осы орайда, Түркістан облысында қолданыстағы қуат көздерін барынша жаңартып, электр энергиясын өндірудің жаңа, мейлінше тиімді көздерін пайдалану бойынша жаңа жобалалар жүзеге аспақ. Бұл бағытта еліміздегі баламалы энергетика мүмкіндіктерін пайдалану үшін жел мен күн сәулесінен жарық өндіруге қатысты жобалаларға басымдық беріледі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Energy China International Group Co., LTD. Басқарма төрағасының орынбасары Сюэ Даньфэнмен кездесті. Тараптар елде және шетелде жүзеге асырылатын жаңартылатын көздерден энергия өндіруге негізделген жобалар және энергия саласында атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасты.
«Energy China International Group» компаниясы әлемдегі жасыл энергетика және төмен көміртекті энергетика саласында 20 бағытта әртараптандырылған қызмет жүргізеді және Қытайдағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі болып саналады. Дүниежүзі бойынша 6 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған. Пәкістан, Вьетнам, Бразилия және өзге де мемлекеттермен жұмыс жүргізеді.
Түркістан облысында электроэнергетика саласына, жарық жүйелерін модернизациялауға, гидро, газ, электростансалар салуға ниетті.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамытудағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы жайлы атап өтіп, Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
– Түркістан өңірі Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі болып саналады. Қытай елінің бай тәжірибесі Түркістан өңірінің әлеуетін көтеруге зор мүмкіндік береді. Осыған дейін Қытайға жұмыс сапарымен барып, өздеріңізбен жүзесіп едік. Біздің аудан әкімдері Қытайдағы ірі өндіріс орындарын аралап, тәжірибе жинауын жалғастырып жатыр. Осы тәжірибелерімізді пайдалана отырып, облысымызда зауыт-фабрикалар ашуға күш салдық. Өздеріңіз ұсынған баламалы энергетиканы дамыту бағыты – біз үшін өте маңызды сала. Біз бұл бағытта Италияның «Eni» халықаралық энергетикалық компаниясымен жұмыс істеп келеміз. Сіздермен де бірлесе жұмыс атқарып, жаңа жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз,– деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі шетелдік инвесторларды Түркістан облысының әлеуетімен таныстырып, бірқатар жобаларға тоқталды. Компания басшылығы өзінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, осы салалардағы Түркістан өңірінде іске асырылып жатқан жобаларға қатысу ниеті туралы мәлімдеді. Осы орайда желден және күн сәулесінен жарық өндіру саласына 700 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын.
– Түркістан облысының болашақ жоспарлары бізді қызықтырады. Біздің елде мемлекет тікелей басқаратын 90 компания бар. Олардың ішінде біздің компаниямыз да бар. Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарда тұрған 500 ең ірі компанияның ішінде біз 256-шы орында тұрмыз. Яғни, энергетикалық жаңа технологиялар бойынша біз әлем бойынша алдыңғы қатардамыз. Энергетика саласындағы құрылыс жұмыстарын жасаймыз. Қытайдағы тоқ жүйелерінің 80% -ын біздің компания жүзеге асырған. Сондықтан осы саладағы тәжірибемізді Түркістан өңірінде жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Energy China International Group Co., LTD. Басқарма төрағасының орынбасары Сюэ Даньфэн.
Тараптар талқылаған жаңа жоба табиғатты қорғауға қосар үлесімен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер алып келмек.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 525,6 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: CОЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ 12 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.