ТҮРКІСТАНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

03.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы «Тайқазан» халықаралық ұлттық және этникалық киімдер байқауы өтті. Халықаралық шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ашып берді.
– Халықаралық шараның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталуы бекер емес. Өйткені қазақ халқы үшін Өзбекәлі аға тайқазанның киелі шаһарға қайта оралуына, Наурыз мерекесінің қайта жандануына тікелей себепкер болды. Қазір Түркістанымыз да облыс орталығына айналып, көптеген жетістікке жетіп жатыр. Тек облыстық емес, республикалық және халықаралық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгінгі этнобайқаудың біздің облыста өтіп жатқаны да үлкен мәртебе. Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінен келген дизайнерлер, ұлттық-мәдени бірлестіктер, сәндік қолданбалы өнер шеберлері қатысты. Байқауға әлем бойынша 30-ға жуық үміткер өтініш білдіріп,15-і іріктелді
Аталмыш байқауының қазылар алқасы құрамында елімізге танымал және шетел өнер шеберлері бар. Атап айтқанда «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Ұлттық дизайн Академиясының академигі Қайролла Абишев Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Сейфолла Бодиков, Еуропалық сән апталығының алғашқы аккредиттелген журналисі, «Lapidus», «Nina Ricco», «Paco Rabanne» сынды атақты еуропалық дизайнерлердің көрсетілімдерінің ұйымдастырушысы және сән продюсері Саят Досыбаев, Өзбекстан Республикасы «Өзбекстильпром» бірлестігінің гендерлік теңдік және дизайнды дамыту жөніндегі кеңесші Гулямова Хамола, журналист, PR маманы, философия ғылымдарының докторы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы қордың президенті Әзел Жәнібекова байқауда төрелік етті.
Жеңімпаздарды Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев марапаттады. Қазылар алқасының шешімімен «Тайқазан» халықаралық ұлттық және этникалық киімдер байқауының бас жүлдесі Өзбекстан Республикасынан Ирина Шариповаға бұйырды. Жүлделі І орынды Алматы қаласынан Лолита Ризабаева, жүлделі ІІ орынды Қырғызстан Республикасынан Элиза Тэнтиқызы мен Өзбекстан Республикасынан София Ашур, Алматы қаласы нан Күлән Жанғұтты мен Тәжікстан Республикасынан Тохир Ибрагимов, Қостанай облысынан Шекимова Тоты иеленді. Ал Әзербайжан Республикасынан Нажит Бакшалиев пен Түркістан облысынан Омарова Нұрбибі, Қырғызстан Республикасынан Винера Бектенова арнайы жүлде иегері атанды. Сондай-ақ өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Айта кетейік, халықаралық байқаудың мақсаты киім мен тұрмыстағы ұлттық дәстүрді зерттеу, қазақ мәдениетіне қызығушылық қалыптастыру, заманауи сән үлгісіне сай дәстүрлі этникалық костюмнің бірегей құндылықтарын және оның сан алуандығын көрсету, кәсіби және әуесқой дизайнерлерге қолдау көрсету болып саналады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН VI ФЕСТИВАЛЬДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: «АРПАӨЗЕН» ПЕТРОГЛИФТЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.