ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

03.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы Түлкібас ауданында «Шекарасыз спорт» тақырыбында мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты – туристік кластерді насихаттау, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, қоршаған ортаны аялау. Түркістан облысында өткен кезекті ауқымды шара табиғат аясында өтетін спорт түрлерін танытуға және белсенді экологиялық туризмді дамытуға бағытталды.
Жеке демалыс аймағында өткен жиынға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
– Біз бүгін еліміз бойынша ең көне қорықтардың бірі, құрылғанына 97 жыл толған «Ақсу-Жабағылы» қорығында жүздесіп отырмыз. Экотуризмді дамыту үшін ең алдымен табиғат жанашырларын тәрбиелеуіміз керек. Бүгін жиналған азаматтардың біршамасы түрлі сенбіліктерге белсене қатысушылар. Қоршаған ортамызды қадірлеу, тазалықты ұстану – үлгі әрекет екенін ұғындырғымыз келеді. Сондай-ақ мәдени және спорттық сайыстарды өткізудің ерекшелігін көрсету маңызды. Экотуризм бағытында былтыр бір жылда 74 мың турист келген болса, биыл 7 айда 101 мың адам Түркістан өңірінің табиғи парктері мен қорықтарында болған. Ендігі кезекте тек облыстық емес, республикалық және халықаралық деңгейде өткізуді қолға алу көзделуде, – деді Әзімхан Серікұлы.
Шараға облыстың белсенді жастары, қоғамның түрлі өкілдері, әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыру арқылы тіркелген азаматтар, БАҚ өкілдері жалпы 150-ге жуық адам қатысты.
Бағдарламаға сәйкес әуелі 30 адамнан топталып, «Ақсу-Жабағылы» қорығы музейінде табиғат әлемімен, қорықта өсетін өсімдіктер және тіршілік ететін жан-жануарлармен танысты. Одан кейін іс-шараның ашылу салтанаты өтті. Алдымен «Қызыл ай» қоғамдық ұйымы алғашқы медициналық көмек пен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Кезекті шеберлік сағатында экстремалды спорт түрлері таныстырылып, тақырып тауда немесе жазық далада велоспорт (Mountain bike), жүгірумен айналысудың (Trail run) ерекшелігіне арналды. Сонан соң йога жаттықтырушысы байсалды спорттың әдіс-тәсілдердін көрсетті. Ал, Art терапия мастер-классында сезімдерді сурет арқылы ашуға және адамдарды өнер арқылы емдеуге көмектесетіні, эмоционалды даму құралы ретінде психологияда қолданылатыны жайлы айтылды.
Әрі қарай қатысушылар бір уақытта өздері қалаған шеберлік сағатына қатысты. Имидж қалыптастыру айдарында Түркістан облысының табиғи қорықтары мен парктері, тарихи орындарының атаулары жазылған ұяшықтарды белгіледі. Мастер-класстарды арнайы білікті, тәжірибелі мамандар жүргізді.
Бағдарлама тимбилдингпен қорытындыланды. Онда 10-ға жуық командалық ойын ұйымдастырылып, өте тартысты өтті. Қызықты сайыстың нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, марапатталды. «Open Turkistan» туристік және ақпараттық орталығы ЖШС бас директоры Серік Сандыбаев дипломдар мен кубоктарды табыстады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫ 55-ШІ МАУСЫМЫН ЖАҢА ТУЫНДЫМЕН АШТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЕЛГЕ ҚАЖЕТТІ ӘРІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕТІН НЫСАНДАР САЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛСІН»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.