Түлкібас ауданында мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Себебі, бұл бағыттағы кәсіппен айналысатындар қатары жыл сайын артып жатыр. Соның бірі «Баян-Сұлу» ЖШС-і. Серіктестік төрағасы Данияр Байтілеу 400 млн. теңге сомасында несие алып, «Ангус» тұқымды ірі қара малды бордақылаумен айналысып отыр.
Жыл басында 700 басты бордақылаудан бастаған кәсіпкер, бүгінде 230 басын сойып, ет бағытында өткізген. Аталмыш серіктестікте 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта серіктестік кәсібін кеңейту мақсатында ауқымды жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Украина елінен сүт бағытындағы 200 ірі қара мал алуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 4 ірі мал бордақылау алаңы, 121 үй іргелік мал бордақылау қоралары бар.