ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ — Төрттаған
Среда, 18 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29.09.2023
Жаңалықтар
0
ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жылдағы дәстүрге сай, халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында ауданның қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Төлеби ауданының орталығында ұйымдастырылған шараға Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат депутаты Хабидулла Нышамбаев, “AMANAT” партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансеитов қатысып, мемлекетіміздің дамуы жолында еңбек етіп жүрген ардагерлерге аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен аудандық мәслихаттың Грамотасы, «AMANAT» партиясы мен аудандық ардагерлер кеңесінің «Алғыс хаттарын» табыс етті.
«Біркөлік» емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС-нің директоры Ералы Мыңбаев демеушілік жасаған дастархан басында ең алдымен бабалар рухына құран бағышталды. Салтанатты іс-шара барысында ауданның абыз ақсақалдары өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін айтты. Елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.
— Мемлекетіміздің қалыптасу жолында еселі еңбегімен танылған аға буын өкілеріне алғысымды жеткізе отырып, Сіздердің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан ерекше үлестеріңізді атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісі болып келесіздер,- деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.
Мерекелік жиында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әнімен көпшілікті тәнтті етті.
Сонымен бірге, Қазыналы қарттарды мерекелерімен Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев құттықтау жолдаған болатын: «Құрметті қариялар, ардақты ардагерлер, ақ жаулықты әжелер!
Сіздерді, жылдағы дәстүр бойынша атап өтілетін Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
1990 жылы желтоқсан айының 15 күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Жыл сайын тұрақты түрде атап өтілетін мерекенің басты мақсаты — қазыналы қарияларымызға құрмет көрсету болып табылады. Мемлекетіміздің қалыптасу жолында еселі еңбегімен танылған аға буын өкілеріне алғысымды жеткізе отырып, Сіздердің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан ерекше үлестеріңізді атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісі болып келесіздер.
Қазақ – қашанда үлкенді құрметтеп, «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп қариясын қадірлеген халық. Ардагерлердің аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтып келеміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Қария — ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Сіздер көпті көрген тарихи шежіре және біз үшін даналықтың қайнар көзісіздер! Біз Сіздердің өнегелі еңбектеріңіз бен жетістіктеріңізді, барлық ізгі қасиеттеріңізді ерекше үлгі тұтамыз. Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!
Қадірменді ардагерлер!
Біздің болашағымыз үшін жасаған адал еңбектеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Алланың берген жасын мазмұнды да мағыналы өткізе берулеріңізге тілектеспін. Жанұяларыңызға құт береке, дендеріңізге саулық, игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖҮЗДЕН АСҚАН ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ — ҚАЗЫНАСЫ БАР!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.