Бүгін Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылы және Шардара қаласының тұрғындарымен кездесіп, Шардара ауданы бойынша 8 айда атқарылған жұмыстардың есебін берді.
«Қ.Тұрысбеков ауылын газ көзіне қосу алыс емес. Тиісті құжаттамалық жұмыстар жүргізілді, енді газға жауапты тараптарды күтіп отырмыз. Ағымдағы ай соңына дейін көгілдір отын келеді деп күтілуде. Ал Жаушықұм ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Алдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күні Жаушықұм ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Шардара қаласын кезек-кезеңімен газ көзіне қосудамыз. Оған қоса қала халқын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүруде.
Алдағы уақытта Шардара қаласы мен ауылдық округтерді табиғи газбен қамтамасыз етуді аяқтау, шағын және орта бизнесті, өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз» — деді Қайрат Жолдыбай.
Аудан әкімі кездесулер барысында қойылған әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдер мен мекемелерге тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, әр тоқсан сайын аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, мәселелерді бірлесіп шешу бойынша қарқынды жұмыс істейтінін жеткізді.
Айта кетсек, 2023 жылдың
8 айында жергілікті бюджетке
2 625,9 млн.теңге түсіп, жоспар 90,4 млн.теңгеге немесе 103,6% артық орындалса (жоспар 2 535,5 млн.теңге), шығыстар бойынша жоспардағы
7 101,7 млн.теңгенің 7 095,9 млн.теңгесі немесе 99,9% игерілді. Есепті мерзімде 12,7 млрд.теңге өндіріліп, НКИ 106,9% құраса, жыл соңына дейін 19,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 103,2% жеткізілетін болады. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция
13,7 млрд.теңгені (135,7%) құраса, жыл соңына дейін 41,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Бүгін таңда «АУЫЛ — АМАНАТЫ» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі енгізіліп, 233 азамат несие алуға ниет білдірген. Атап айтқанда: 1.Қ.Тұрысбеков а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп, балық шаруашылығын (көлдерде, тоғандарда, торлы шарбақта тауарлы балық өсіру және т.б.), мал бордақылау саласын дамытуды қолға алуда. 2. Алатау батыр а/о 1 кооператив мал шаруашылығын, оның ішінде: мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. 3. Қосымша Көксу және Сүткент а/о бір-бірден кооперативтер құрылып, мал шаруашылығын, оның ішінде: мал басын көбейту саласын, балық, құс шаруашылықтарын дамытуды жоспарлауда.
Шардара ауданындағы 25 елді мекеннің 18 елді мекені ауыз сумен қамтылған.(ауыз сумен қамтылу деңгейі 95,97%).Бүгінде Ұлттық қор есебінен «Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жүргізілуде. Нысан осы жылдың желтоқсан айының соңында пайдалануға беріледі. Жоба аяқталған кезде аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі 98,0% құрайтын болады. Сондай-ақ, аудандағы 25 елді мекеннің 9 елді мекені және Шардара қаласындағы 9 шағын аудан табиғи газ жүйелерімен қамтылған (қамтылуы 77 %). Бүгінгі таңда Шардара қаласындағы 5 шағын ауданды және
2 ауылдық округтегі 3 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. (Шардара қаласындағы Төменгі тоғай, Ақбала, Майқала, Абай, Қызылжар, Жаушықұм а/о, Жаушықұм, Қалғансыр елді мекені, Қ. Тұрысбеков а/о Шардара ауылы).Нәтижесінде аудан халқының 97,7% табиғи газбен қамтылады.Шардара қаласы тұрғындарының 27% кәріз жүйелерімен қамтылған (қолданыстағы канализция желісінің ұзындығы
36 шқ).
Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құны 906,9 млн.теңгені құрайтын қаланың Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағын аудандарының кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген соң қала тұрғындарының 51% сарқынды су желісімен қамтылатын болады (қосымша 31 шқ желі іске қосылады).
Алдағы 2024-2026 жылдары Шардара қаласының тұрғындарын толықтай сарқынды су желісімен қамту жоспарланған.