Орталық саябақта аудан прокуроры Д.Тлемисов мүгедектігі бар адамдармен кездесті. Аталған жиында аудан прокуроры Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекстің қабылданғаны және Кодекс бойынша қысқаша түсіндіріп өтті.
Әлеуметтік кодекстің негізгі мақсаты-халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Ол адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Сонымен, туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек, сондай-ақ қарттыққа жәрдемдесу енді бір құжатпен реттеледі.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Түркістан облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік көмек және көші-қон департаментінің бас маманы И.Нуридинов, Сайрам аудандық жұмсыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а А.Жақыпбеков, «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры және №3 Медицина-әлеуметтік сараптама бөлім басшысының м.у.а Ш.Абдугаппаров қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудан прокуроры Д.Тлемисов шешімі табылмай жатқан мәселелер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта оң шешімін табуға тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.